Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Атмосфералық қысым
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, кесте, карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, қазақ тілі
Сабақтың типі: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Тақырыбы: Ауа температурасының жылдық өзгерісі және ауытқу амплитудасы
Географиялық диктант.
1. Жерге жарық пен жылу тарататын жұлдыз........................................
2. Жер бетінен әр 100 метр биіктеген сайын температура..................... төмендейді.
3. Бір тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі температура арасындағы айырмашылық................................................ деп аталады.
4. Ауа температурасын тәулік ішінде........................................ өлшейді.
5. Бір жыл ішінде ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық.........................................................................
6. Жер шарындағы ең суық ай..............
Есепте
Бір тәулік ішіндегі температура 50, - 30, 60, 40. Тәуліктік орташа температура қанша? Амплитуданы анықта?

Сағ. t
100 - 600С
700 - 800 С
1300 - 200 С
1900 - 400 С
Тәуліктік орташа температураны есепте:
Сағ. t
100 - 600 С
700 - 800 С
1300 - 200 С
1900 - 400 С

Жаңа білімді өздігінен меңгеруге дайындық
Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.),
Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды - табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады.[1]Барометр (грекше ауырлық өлшеу) — атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондық болып бөледі. Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын анықтау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байқаушы жүргізеді. Бастапқы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да, уақыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын барометрден, термометрден және сағаттан есептеу алады және жазады. Екінші байқаушы анықталатын нүктелерде өлшеу уақытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушының барометрінің және термометрінің көрсеткіштері екіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады.

Атмосфералық қысым. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама