Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жақсы істер қуанышы
Жақсы істер қуанышы
Балаларға кішкентай кездерінен жақсы іс істеуге баулу. Жақсы іс істесең өзіңнің мерейің көтеріліп, барлығы саған күлімдеп қарап, рахмет айтып тұрғандай болады. Әке шешеңде сенің істеген жақсы істеріңе риза болып, осындай бала тәрбиелегендеріне қуанады.
Дүниетану 1 - сынып
Сабақ тақырыбы: Жақсы істер қуанышы
Жақсылықпен жаным дос.
Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар: адамның әр кезеңде білдіретін түрлі эмоциялары мен сезім - күйлері туралы білy;
• Оқушылардың басым бөлігі: жақсы істер қоғам игілігіне бағытталса, көңілге қуаныш және шаттық сыйлайтынын түсінy;
• Кейбір оқушылар: әртүрлі қарым - қатынас туралы ақпарат алy.
Тірек сөздер: эмоция – эмоция – emotion; сезімдер – чувства – feelings; көңіл - күй – настроение – mood;
жақсы істер – добрые дела – good deeds.
Ресурстар: Әр оқушыға төрт фишкадан, мен алдын ала дайындалған оқушылардың әртүрлі эмоциямен түскен фотосуреттері, балалар әнінің фонограммасы, оқулықтағы «Ойлана біл» тапсырмасынан сурет.
Өсиет әңгіме, – М.: «Новая мысль», 2010. – с 256.
Сабақтың мақсаты: 1. 1. 1. 3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер

Өсиет әңгіме. «Адам теңіз жағасымен келе жатып, құмнан бір нәрсені көтеріп, теңізге лақтырып тұрған баланы көреді. Ол жақын келіп, баланың құмнан теңіз жұлдызын алып жатқанын байқайды. Баланың айналасы толған теңіз жұлдызы. Көптеген аумақты алып жатыр.
– Теңіз жұлдыздарын неге суға лақтырып жатырсың? – деп сұрады адам.
– Егер теңіз жағасында таңертеңге дейін қалатын болса, су кері қайтқанда олар өліп қалуы мүмкін,
– деп жауап берді бала қимылын тоқтатпай.
– Бұл тіпті ақымақтық қой! – деп айғайлап жіберді адам.
– Жан - жағыңа қарашы, бұл жерде миллиондаған теңіз жұлдыздары жатыр.
Сенің әрекетің ештеңені де өзгертпейді.
Бала келесі жұлдызды қолына алып, бір сәт ойланып қалды да, сәл жымиды.
Оны суға лақтырып тұрып:
– Жоқ, менің әрекеттерім осы жұлдыз үшін көп нәрсені өзгертеді, – деп жауап берді». Сабақты жұмыстарға қысқаша шолу жүргізуден бастаңыз. Оқушылардан қандай іс қызықтырғанын, қандай істер қуанышты эмоция мен жақсы көңіл - күй сыйлағанын сұраңыз. «Менің көңіл - күйім» тапсырмасында оқушылардан көңіл - күйлерін межеде белгілеуін ұсыныңыз. Оқушылардан өз қойған белгілерін түсіндіруін сұраңыз. Егер барлығының көңіл - күйі жақсы болса, өзіңіздің де қуанғаныңызды білдіріңіз. Бұл жұмыс кезеңін бірқалыпты әуенмен орындауға болады.
Көңіл - күй кемпірқосағы. Оқушылардың назарын өзіңіз алдын ала дайындап қойған «сөйлейтін қабырғада» ілінген фотосуреттерге аудартыңыз. Суретте олар әртүрлі көңіл - күйде болуы тиіс. Мысалы, таңдану, шаттану, мұңаю және т. б. Оқушылардан неліктен осындай эмоцияны сезінгенін сұраңыз. «Эмоция» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін анықтаңыз. Эмоция дегеніміз сезім білдіру екенін түсіндіріңіз. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Көңіл - күй кемпірқосағы» тапсырмасын жеке орындауды ұсыныңыз. Тапсырманың орындалуын, суреттерді қандай фишкамен белгілегенін тексеріңіз. Содан кейін оқушылардың жұпта 2 минут өздерінде жағымды сезім қалдырған оқиғаларды естеріне түсіріп, сол бойынша әңгімелесуін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Бекіту үшін «Айна» ойынын өткізуге болады. Бір оқушыны тақтаға шақырыңыз және құлағына сезім атауын сыбырлаңыз. Ол айнадағы қимылды қайталап көрсетсін.
Сынып оқушылары оның қандай сезім түрі екенін табуы тиіс. Бұдан кейін қалған оқушылар «айна» болып, құлаққа сыбырлаған эмоция түрін қимылмен қайталайды.

Оқушылар табуы қажет: Қуаныш, шаттық бар жерде, Байқалады ерініңде.

Жауабы: Күлкі.

Оқушылардан бір - біріне қарап, күлуі сұраңыз. «Сен білесің бе?» айдары бойынша мәлімет беріңіз. «Ең қуанышты күлкі» байқауын өткізіңіз. Сабақтан кейін оқушыларды қалауы бойынша суретке түсіріп алыңыз. Фотоларын «сөйлейтін қабырғаға» іліп қойыңыз.

Өсиет әңгімені айтып беріңіз. Теңіз жұлдызшаларының суреттерін көрсетіңіз. Кімнің теңіз жұлдызын көргенін анықтаңыз. Өсиет әңгіменің идеясын қалай түсінгенін тексеріңіз:
– Бала неліктен осы іспен айналысты?
– Ол неліктен күлді?
Өсиет әңгіменің тәрбиелік мәніне назар аудартыңыз: бала жақсы, пайдалы іс жасады, өз еңбегінен қуаныш сезінді.
Ойлана біл. Әдемі қорапшаны көрсетіңіз. Оны «жақсы істер сандықшасы» деп атап, бұл сандықшаны толтыру қажет екенін айтыңыз.

Жақсы істер қуаныш сыйлайды. Олар ұзақ жылдар бойы есте қалады. Жақындарыңа қамқор бол. Достарыңды қолда. Әлсіздерге көмектес. Табиғатты қорға. Жақсы істер адамдарды жақсылыққа жетелейді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама