Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың аудан туралы және ауданды табуда алған білімдерін есептеулерде қолдана алу біліктерін дамыту үшін біріккен және өздік жұмыс түрлерін жүргізуге жағдай жасау
• дамытушылық: логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, салыстыру, жинақтау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;
• тәрбиелік математиканың қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.
Әдіс – тәсілдер: сыныппен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс
психологиялық дайындық.
Кім шапшаң» ойыны. Бір қорап печенье 23 кг. Осындай 7 қорап печенье неше кг?( 3г)
Ә) 500 кг = …… ц
3 ц = ……кг
4т = …… ц
Ауызша сұрақтар:
1) Фигураның ауданы дегеніміз не?
- Ауданды өлшегенде қандай бірлікті қолданамыз? (кв. дм, кв. см, кв. м,)
Оқулықпен жұмыс:
№1. Парақ қағаздың, өшіргіштің, сынып тақтасының, сіріңке қорабының, үстелдің, оқулық мұқабасының ауданын қандай бірлікпен өлшеген қолайлы?
№2. Бақшаның, алаңшаның, бөлменің еденінің ауданын қандай бірлікпен өлшеген ыңғайлы?
Кестені жаттап алыңдар: 1 дм² = 100 см²
1 м ² = 100дм² 1а (ар) = 100м²
Армен қандай жердің ауданы өлшенеді?
Өткен материалды қолдану (15 мин.).
№2 ә) 2дм²=200см² 4м²=400дм² 5а=500м²
300см²=3дм² 700дм²=7м² 400м²=4а
№ 3. А) бөлігі ауызша орындалады. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
Ә) бөлігін жазып көрсетеді. 8дм • а
Б) бөлігін тақтаға шартын жазып, есепті шығарады.
а – 10дм
S – 80дм²
b -?
Ш: 80: 10 = 8 (дм)
Ж: ені 8дм
№5 есепті талдай отырып шығарамыз.
А) бөлігінде ұзындықты емес, ауданы тауып аламыз.
Ә) бөлігін жазбаша орындаймыз.
Тік төртбұрыш пен шаршыны салыстыру.
- Қандай ұқсастық бар? - Қандай айырмашылық бар?
№6 және 7 тапсырмалар талданып орындалады. Шаршыда бір ғана өлшем арқылы аудан мен периметрді табуға болатыны қорытындыланады. Шаршының периметрін табу үшін қабырғасын 4 – ке көбейтеміз. Шаршының ауданын табу формуласын жазыңдар. Тік төртбұрыштың ауданын табу формуласын жазыңдар.
Игерген білімдерін қолдану (10 мин.) №8 есепті талдай отырып, өздері орындайды.
Қорытынды: Ауданды табу есептерді шығаруда қажет және түрлі есептеулерде қажет
7. Үйге тапсырма №4 (20 – бет)
- Сабақта не қиын болды, қандай тапсырма жеңіл болды?
Бағалау
Мұғалім: Ж. Бахитова

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама