Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
География 10 сынып
1. Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы.
2. Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру арқылы өз бетінше білім алуға көмектесу.
3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4. Сабақтың нәтижесі: Білу: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білетін болады. Түсіну: Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсінеді. Қолдану: Оқушылар өздігінен білім алуды үйренеді, картамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасып, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой електерінен өткізіп, талдай алатын болады, өзіндік ой қалыптасады.
5. Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер, суреттер, интернет материалдары.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады. Бір – біріне сәттілік тілейді.
3. Оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
(ББҮ кестесі арқылы)
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы бойынша мұғалім оқушылардың «Ресей шаруашылығы. Өнеркәсібі» тақырыбында жасаған шағын сызбаларын қорғатады. Сонымен бірге бірнеше сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылығын ояту.
Білу. 1. Сұрақ: шаруашылық деген не?
Осы сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
2. Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды.

Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама