Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің Қазақстаным атты асфальтта сурет салу байқауы
«Менің Қазақстаным» атты асфальтта сурет салу байқауы
Мектепте «Ата заным – ардағым» атты айлығы аясында 10 қазан күні 2017 жылы сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушыларды тарихи - мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға, жастар арасындағы сурет байқауын дарынды оқушыларды анықтау мен жас суретшілердің шеберлігін арттыру.
Байқау Алматы облысы Талдықорған қаласы №9 орта мектептің алаңында ұйымдастырылды.
Іс – шараға мектептін 5 - 7 сынып оқушылары қатысты. Ата занға арналған бұл іс – шараны салтанатты түрде ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп қолдау көрсетілді. Оқушылар түрлі түсті бордың көмегімен түрлі сурет салды. Барлық балалардың салған суреттері Қазақстанның тарихи - мәдени мәселелеріне арналды, өз ойлары мен сезімдерін жеткізе білді. Шәкірттер суреттерін қорғап өз идеяларын айтып шықты. Байқау шәкірттердің ой - өрісін кеңейте түсті.
Балалар үлкен шабытпен асфальтқа суреттер салды. Балалардың әр түрлі идеялары таңқалдырды. Асфальтта – бейбітшілік планетасы, биік тау шыңдары, ағаштар мен гүлдер, ұлттар достығы, Қазақстанның туы мен ою - өрнектер, үйлер мен кемпірқосақ суреттері пайда бола бастады.

Үш сағатқа созылған байқауды ұйымдастырушылар бекіткен әділ қазылар бағалап, қорытындылады.

Суретте: сурет байқауының женімпаздары мен бейнелеу өнері пән мұғалімі
Мектеп директоры Есботанова Лязат Узбековна жеңімпаздарды мақтау қағазымен марапаттады. Нәтижесінде 7 сыныптар арасында І – орынды 7 «Ә» сынып оқушылары Валиев Рустам мен Әуелбеков Ералы, 5 – ші сыныптар арасында 5 « А» сынып оқушылары Бекмұрат Айдана, Әлібай Ділназ, Мұхамажан Адия, Саламатқызы Камила I орынға ие болды.
7 сыныптар арасында II орынды 7 «Б» сынып оқушысы Қаметжан Жансая мен Меліс Аяулым, 6 сыныптар арасында 6 «Г» сынып оқушысы Ким Камила женіп алды.
Сонымен қатар 5 сыныптар арасында 5 «Ә» сынып оқушысы Бекмұрат Айдана II орынға, ал 5 «Б» сыны оқушылары Иса Ақбота, Орумбаев Темірлан III орынға иеленді.
Байқауда оқушылар шығармашылықпен сурет салып, ынталары арта түсті.

Алматы облысы,
Талдықорған қаласы,
МДШО бар №9 орта мектеп КММ
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Қалиева Бахыт Дылдыбаевна

«Менің Қазақстаным» атты асфальтта сурет салу байқауы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама