Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
«Айгөлек» балалар байқауы
«Айгөлек» балалар байқауы.
Армысыздар, ардақты ата - аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Жауқазын» балабақшасының «Айгөлек» байқауына қош келдіңіздер. Байқауды ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі ----------------------------- беріледі.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп, ән шырқап, басқа да түрлі өнерлерін көрсетеді.

Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырамын:
*
*
*
Армысың балабақша қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады - деп, бүгінгі кешімізді бастаймыз. Байқау кезеңдері 5 ұпай бойынша бағаланады. Байқау кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. Ертегі сомдау.
2. Би.
3. Ән
4. Саз аспаптар оркестрі.
Ендеше 1 - кезең.
Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға еліктіріп ертеді ғой.
Бүлдіршіндерді кезекпен ертегі сомдауға шақырамыз.
1. Ортаға «Бауырсақ» атты ертегімен «Балапан» 2 - ші қазақ сәбилер тобын шақырамыз.
2. Ортаңғы «Толағай» қазақ тобының «Қасқыр мен егінші» атты ертегісін тамашалайық.
3. «Ақбота»2 - ші кіші қазақ сәбилер тобының «Түлкі мен ешкі» атты ертегісін тамашалайық.
4. Ортаға «Крылатый, мохнатый и масленный» атты ертегімен «Рябинушка» орыс ересектер тобын шақырамыз.

2 - кезең.
Ал, көрермен ықыласпен демейік,
Жұлдыздардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділділік бағаларын берейік.
Ендігі кезіңде бүлдіршіндеріміздің биін тамашалаймыз.
1. Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса биік гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт,- деп «Гномики» кіші орыс сәбилер тобының биші қызарын шақырамыз. Би: «Капельки»
2. Ал құрметті қонақтар,
Ортаға назар салыңдар.
Бишілер шығып келеді,
Қол соғып қарсы алыңдар.
Ортаға «Балапан» 2 - ші қазақ сәбилер тобының қызарын «Балапандар» биімен шақырамыз.
3. Біз де биші боламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Деп жүр біздің Аймирамен Гүлсезім,
Шұғыладай боламыз,- деп «Ақбота»2 - ші кіші қазақ сәбилер тобының қыздарын Өзбек халық биімен қарсы аламыз.
4. Ай секілді өздері,
Сыңғыр - сыңғыр билері.
Адам көркі шүберек,
Келді міне үлбіреп,- деп ортаға ортаңғы «Толағай» қазақ тобының мың бұралған биші қызарын Түрік халық биімен қарсы аламыз.
5. Ой арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Бүгінгі би сайыста,
Өнер сырын шешеміз,- деп келген «Рябинушка» орыс ересектер тобының ұл - қыздарын Грузин халық биімен қарсы алайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама