Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Мақсаты: Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану.
Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, салауатты өмір салтына, тазалыққа тәрбиелеу.

Ойынға қатысушылар: Мектеп алды даярлық тобы және №5 «Айгөлек»
балабақшасының «Балапан» тобы.
Көрнекіліктері: Сайыс тақырыбы, жар қағаздары, эмблема.
Керекті құралдар: киглилер, қапшық, шеңберлер, боулинг доптары, доптар.
Өтілетін орыны: Спорт залы

Барысы
Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Бүгінгі мектеп алды даярлық тобы мен №5 «Айгөлек» балабақшасының «Дарабоз» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға:
«Тұлпар», «Қыран» топтарын шақырамыз.

Ортаға сайысқа қатысатын топтарды шақырайық.
Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныс болайық.
*
*
*
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:
1. Топтармен танысу
2. Кім жылдам?
3. Боулинг
4. Кедергелерден өту
5. Қаппен секіру
6. Шеңберден шеңберге
7. Кім шапшаң?

Құрметті сайыскерлер, сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәттілік тілеймін!
1 - кезең топтармен танысу
«Қыран» тобы
Ұраны: Қырандай күшті қанатты,
Біз өрендер талапты.

«Тұлпар» тобы
Ұраны: Желмен бірге жарысқан,
Тұлпар қалмас жарыстан.

2 - кезең «Кім жылдам?»
Шарты: Балалар белгіленген жерге дейін жүгіріп, қайтады.

3 - кезең «Боулинг»
Шарты: Балалар қатар қойылған киглилерді допты лақтыру арқылы құлатуы қажет.

4 - кезең «Кедергілерден өту»
Шарты: Балалар орнатылған кедергілер арасымен шатаспай жүгіріп қайтуы керек.

5 - кезең «Қаппен секіру»
Шарты: Балалар қаппен секіріп белгіленген жерге дейін барып қайтады.

6 - кезең «Шеңберден шеңберге»
Шарты: Балаларға екі шеңбер беріледі.
Бір шеңберді алдына қойып аттау
арқылы белгіленген орынға
барып қайтады.

7 - кезең «Кім шапшаң?»
Шарты: Балалар жоғарыдан бір - біріне доп беру арқылы жарысады.

Жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапатталады. Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Сайыскерлер марапатталады.

Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп - көп рахмет!
Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама