Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы.
Сабақ жоспары
физика 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру; айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор, айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік катушка тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару арқылы практикалық мағынасын ашу.
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру; актив кедергі, айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және индуктивтік катушка үшін схемалық сызбасын сала білуге үйрету.
3. Зейін қоя тыңдауға, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Презентациялық слайдтар. Видео роликтер. Интерактивті тақта. Эксперименталды қондырғы.
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақтың эпиграфы ретінде Р. Декарттың мына сөзін аламыз:
Білгенің аз – білетініңді қолдана білу керек!

Сабақтың құрылымы:
• Сабақты ұйымдастыру.
• Негізгі білімдерін жетілдіру.
• Жаңа білімді қабылдау.
• Жаңа тақырып бойынша алынған білімдерін пысықтау.
• Эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру.
• Үйге тапсырма беру.
• Сабақты қорытындылау.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
1. 1. Сабақтың мақсаты мен қойылатын талаптармен таныстыру.
2. Негізгі білімдерін жетілдіру. Механикалық тербеліс пен электромагниттік тербеліс арасындағы сәйкестікке тоқтала кетеміз.(кесте бойынша)

3. Жаңа білімді қабылдау.
3. 1. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергіні қарастырамыз.
Резистор мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің қысқыштарындағы кернеу
u =Umcos ωt заңымен өзгерсін. Бізге бұрыннан белгілі R кедергіні айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі деп атайды. Ток күші мен кернеудің лездік мәндері үшін Ом заңы орындалады.
Электр тізбегін құрастырамыз. Актив кедергілер - өткізгіштер мен кабельдер.
Сәйкес формулаларды қорытып шығарамыз
Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама