Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Диқан баба
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Тақырыбы: Диқан баба
Мақсаты: Оқушыларға аңыздың шындықпен жанасуының, адами қасиеттердің бірі – қанағат екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: А. Мәтінді оқып, түсінеді. Шығарманың қай түріне жататынын анықтайды.
Б. Диқан бабаның қылығын бағалап, аңыздағы адамдардың мінез - құлқын сипаттайды.
С. Аңыздағы негізгі ойды өмірмен байланыстыра отырып, пікір білдіре алады.
Керекті жабдықтар: Бидай, арпа, күріш суреттері, оқулық, флепчарт, фламастер

Кіріспе
Оқушылармен амандсып, жұпқа бөлу. Сабаққа
дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» арқылы сұрау.
Бидай, арпа, күріш топтарына бөлу.

Тұсау кесер
Қызығушылығын ояту.
- Топтарға неге бұлай бөліндік?
- Бұл дәнді дақылдар не үшін керек?
- Егер адамдар егін екпесе, еңбектенбесе ішіп - жеп рахат өмір сүруі мүмкін бе?
- Бірақ, балалар сонау ерте, ерте заманда, адам жаңа адам болып келе жатқанда ешкім егін екпей - ақ тағамдар көктен жауатын болған.
- Мұндай қызық «Диқан баба» атты аңызда айтылған.
Табыс критерийін құру.
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді іштей оқу.

Сөздікпен жұмыс
Нантептілік - кесірлену, нанды рәсуә ету.
Мейманасы тасу - астамшылық жасау.
Кепиет сөз - кесір сөз
Есіркеу - жаны ашу
«Ойлан. Жұптас. Бөліс»
1 топ Мәтін мазмұны бойынша сурет салып, мәтінді аяқтау.
2 топ Мәтіндегі Диқан бабаның қылығын бағалап, адамдардың мінез - құлқын сипаттап, мәтін бойынша мақал - мәтелдер жазу.
3 топ Нанды қадірлемеуге байланысты балалар арасындағы оқиғалар құрастырып, суреттеу.
Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Круглоозерный ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Абуталина Айнур Калиоллиевна
Диқан баба. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама