Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бала ата ананың өмірінің жалғасы, қоғамның болашағы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 мектебінің тәлімгері Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы

Мақсаты: Оқушыларды ата - ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, сыйластықты достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Ана үшін аянба - ант ұрады,
Бала үшін аянба - бетің күйеді.
Ел үшін аянба - ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын. (Б. Момышұлы)

Анам маған”үлкенді сыйла” деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем. ( М. Мақатаев).

Жел бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйтқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, Келешек десек те бала «ұрпақ» деген мағына білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – өмірге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Осыған орай Ұлы Абай атамыздың «Отыз төртінші қара сөзінен» үзінді тыңдап көрейік:
...« Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде - туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай - өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе - бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспақ лайық па?» - деп Абай атамыз айтып кеткендей, мына қысқа өмірде адам өз өмірін құрметтеп, бағалай білуі керек деп ойлаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама