Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Отбасым – бақыт мекені
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы, Қарауыл ауылы
«ЖББ Қарауыл гимназиясы»КММ
Исайн Мейрамгүл Сайлауханқызы

Сабақтың тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекені»
Сабақтың мақсаты: Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар
Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, мақал - мәтелдер, «Біздің отбасы» тақырыбындағы мазмұнды суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар, қане барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір - бірімізге жақсы ниеттерімізді білдірейік. (балалар бір - біріне жақсы сөздер айтып амандасады)
- Сен қайырымдысың.
- Сен ақылдысың.
- Сен сүйкімдісің.
- Сен мейірімдісің т. б
Тәрбиеші: Енді ата - аналарды да шаттық шеңберіне шақырайық.
- Аспанымыз ашық болсын.
- Деніміз сау болсын.
- Әр таңымыз арайлы болсын т. б
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін отбасы туралы әңгімелесеміз. Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар.
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (балалардың жауаптары)
- Отбасымыздағы басшы кім? (әке)
- Жер бетіндегі ең әдемі, ақылды, сендерге өте қымбат адам? (ана)
- Ал, ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер? (немере)
- Отбасындағы адамдар бір - бірімен қандай болуы керек? (адал, мейірімді, қайырымды)
Тәрбиеші: Өте жақсы. Енді «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» атты көріністі тамашалайық.
Тәрбиеші:
Балалар, атамыз, әжеміз, әкеміз, анамыз бізді еркелетіп айтады. Олар сендері «айым», «күнім», «жұлдызым» т. б әдемі сөздермен еркелетіп айтады. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен? (ата - аналар балаларын қалай еркелететіндерін айтады)
Отбасылық ән: «Ертегілер елінде»
Тәрбиеші: Балалар, біз ата - аналарымызбен бірге бір ойын ойнайық.
Ойынның шарты: Ортаға7 - 8 бала шығады. 1 - 2 ата - ана көздері байлаулы күйде солардың ішінен өз баласын тауып алады да, қандай ерекшеліктерімен тапқандықтарын ауызша айтып береді.
Тәрбиеші: Жаңа айтып өткеніміздей, әрбір адамның өз отбасы болады. Олар бір - бірін жақсы көреді, сыйлайды. Енді өз отбасымыздағы ең жақсы көретін адамымызға деген сүйіспеншілігіміз туралы айтып бере аламыз ба?
«Мен отбасымды жақсы көремін...» (әр бала сөзін осылай бастайды)
Тәрбиеші: «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» деген қасиетті сөз тегін айтылмаған. Яғни, қазір біз өз балаларымыздың бойындағы игі жақсы қасиеттерді бір ауыз сөзбен күн шуағына жазып шығамыз.
(әр ата - ана жақсы қасиеттерді жазып, күнге жапсырады.)
Отбасылық ән: «Айгөлек»
Тәрбиеші: Балалар, міне, күн шуағынан керемет қасиеттер пайда болды. Сендердің бойларыңдағы бар жақсы қасиеттеріңді ата - аналарың осы күн шуағы арқылы жеткізіп берді.
Тәрбиеші:
Біз бүгін өзімізге жақын, ең қымбат анамыз туралы, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата - әжеміз туралы, ең сүйкімді іні - қарындас, аға - әпкеміз туралы әңгімелестік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік.
Отбасы - ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Ата - аналарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайық. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екендігін ұмытпайық.
Балалар, әрқайсымыз бір - бір суреттен алып, ата - аналарымызға апарып берейік. Ата - аналар сіздер сурет арқылы балаларыңызға жылы сөздеріңізді айтыңыздар.
- Күндей жылы бол!
- Алмадай тәтті бол!
- Айдай жарық бол!
- Жүзік сияқты әдемі бол!
Балалар:
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Отбасым - бақыт мекені» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсенділікпен қатысқан ата - аналарымызды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама