Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәрбиенің негізі мақсаты – дені сау, ұлттың сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмейді емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата – ана мен тәрбиешінің басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халыққа, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педогог В. Сухомлинский: «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,- дейді. Демек, шәкіртке жан жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсе, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көз қарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымды - лық, ізеттілік, қонақ жайлылық секілді асыл да абыройлы қасиет - терін жас ұрпақтың ақыл – парасатына азық ете білу тек тәрбиешінің ғана емес, жанұяның да міндеті.

Ата – ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата – ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы үлкен сабақ. Балаларды тәртіптілікке, мінез – құлық мәдениетіне тәрбиелеудің неғұрлым маңызды шарты – тәрбиеші мен ата – аналардың беделі мен мәдениеті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама