Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Баланың ойлау қабілетін дамыту
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№28 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Сәнкебаева Нұргүл Шорақызы

Тақырыбы: Баланың ойлау қабілетін дамыту

Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңістік қатынасымен (оң-сол, астында, үстінде, арасында) таныстыру; балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету (жоғары төмен, ұзын-қысқа). Логикалық ойларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілік құралдар: өзен, биік қарағаймен аласа шырша, қоян, тиін, кірпі, екі шымшық.
Үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар

Дәптермен жұмыс.
- Айша, Әлия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша ең ұзыны, Әлия – оң жақта тұр, Әнел сол жақта тұр.
- Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім? Айшадан қысқа қыздың аты кім?
- Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табыңдар да, олардың үйіне қарындашпен жол салыңдар.
- Биік үй қай жақта? (сол жақта)
- Одан аласа үй қай жақта?(оң жақта)
- Ең аласа үй қай жақта?(олардың ортасында)
Бір күні Айша, Әлия, Әнел орманға барады. өзенге жақындап келіп, олар мынаны көрді: өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша да одан биігі ұшы әрең көрінетін қарағай.
Суреті тақтаға ілінеді.
- Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
- Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар?

Жұмбақтар
Үсті толы ине
Бірақта іс тігіп
Қадамайды түйме (кірпі)

Бұтақтарға секіріп
Әр жерден қылт етеді
Кейде жаңғақ кеміріп
Жоғары өрлеп кетеді (ақ тиін)

Қорыққанда жел аяқ
Отырғанда томардай-ақ (қоян)

Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған орнын айтады, ал балалар тақтаға оны қояды.
- Қоян шыршамен қарағайдың арасында отыр.
- Ақ тиін қарағайда.
- Қоян қызды көріп қорқып кетті де шыршаның артына жасырынды.
- Кірпі қарағайдың түбіне жорғалап кірді.
- Шиыршықтар қарағайдың жоғары ұшына қонды.
- Ақ тиіндер төменге түсті.

Сергіту сәті. «Алыптар мен ергежейлілер»
Бұл орманда алыптар мен ергежейлілер (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады) және ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті. содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды.

Дәптермен жұмыс.
Қыздар орманда серуендеді және толы себетпен үйлеріне қайтты. Айша себетін биік түбірге, Әлия бір түбір төмен, ал Әнел аласа түбірге қойды. Қыздарды өзінің себеті арқылы қос.
- Әр қыз не жинады?
Сабақты тәрбиеші қорытындылайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама