Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ұлттық киімдер
Сабақ тақырыбы: Ұлттық киімдер

Сабақ мақсаты: 1. оқушыларды халықтың өткен тарихына көз жібере отырып, ой-өрісін, ұлттық өнерге, киімге қызығушылығын ояту.
2. Ұлттық киімдердің түрімен, киімге салатын ою түрімен танысу.
3. Дәстүрді насихаттау, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын киімдер, зергерлік бұйымдар, түрлі қағаз бен желім.
Пәнаралық байланыс - ана тілі, бейнелеу, музыка.

Сабақтың түрі: Сарамандық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, жасап көрсету
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Қазақтың ұлттық киімдеріне
1 - Үкілі тақия
2 - Көйлек
3 - Қамзол
4 - Етік
5 - Кебіс
6 - Тымақ
7 - Шапан
Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою - өрнегі және кестесімен, басқа халыққа ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер зермен көмкерілген ою-өрнектер, бағалы тастармен әшекейленеді Зер – сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түсті жіп.
Ер адамдар тақия, бөрік, тымақ, қалпақ киген. Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілірінен жасап, барқыт қылсым, атласпен тыстайды. Тышоң бөріктердің бірнеше түрі бар. Тымақ – Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс өте суық болғандықтан, шопандар мен жылқышылар үшін таптырмайтын бас киім. Ал жаздың ыстық күндерінде тақия киген дұрыс. Ерлер киетін тақиялар «Қошқармүйіз», «шырмауық» өрнектерімен кестеленеді. Сырт киімдер моделін суретте көрсетілген үлгі бойынша құрастырыңдар.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту; іштей, дауыстап - тізбектей
2. Өз бетінше қазақ халқының киім үлгілерін жасау.
3. Көрме ұйымдастыру.

Қорытындылау: Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесің бе? Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерімен таныстың?
Үйге тапсырма: Өз бетінше әр ұлттың өрнек түрлерінен орамал шетіне кестеле.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама