Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бәрі БІЗ үшін

— Тағы да ішіп келдің бе?

— Тірі келгеніме рақмет айт!

— Осы саған не жетпейді?

— Қан ішкім келеді де тұрады.

— Енді соған мастарға бару керек пе?

— Нағыз жақсы адамдар солар ғой. Ең шынайы, өтірігі жоқ. Мастар маска кимейді.

— Қойсаңшы, әйел басыңмен бұлай жүрген жараспайды ғой...

— Басында миы аздардың уайымдары да кішкентай, сол үшін олар ішкілікке жиіркенішпен қарайды. Ішкеннің оннан бірі ғана бұл жолға жай қызығушылықпен түскен. Қалғаны басындағы ойларын көтере алмай, келген.

— Енді оның не қатысы бар?

— Сен балаларыңның ақылды болуын қалайсың ғой.

— Соңғы кезде сені түсінуден қалдым.

— Ол менің таңдауым.

— Мен сеннен кететін шығармын.

— Ол сенің таңдауың.

— Саған бәрібір ме?

— Масқа не керек?! Көңілі тыныш болса жеткілікті.

— Сен түсінші, біз сары аяқ Масамыз! Сен бұлай ішкендердің қанын сорып жүргенде біреу сені мыжып қойса, біттің. Сен ғана емес, менің отбасымның күлі көкке ұшады.

— Енді сен де түсінсеңші. Сау адамдарға барсам, олар түрлі жолдармен мені өлтіруді ойластырып қойған. Сасық иіс тарататын апараттарынан бастап, шаң сорғышпен сорып өлтіруге шейін барады. Мас адамдар қанын ішіп жатқаныңды да білмейді және ол ақылды болса, ертең біздің балаларымызда түрлі айламен өмір сүруге бейім болып туылады. Бәрі де "БІЗ" үшін.

— Бүгінен бастап ешқандай «БІЗ» жоқ. Аз өмірімді ішкеніне де сылтау табатын масаға жұмсағым келмейді.

— Есікке жол нұсқайын десем, ол да жоқ. Ұшқанда жел жолдасың болсын!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама