Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Егіздер мен асқабақ

Бірде алыс-алыс мекенде Әбіл мен Қабыл есімді егіздер өмір сүріпті. Барлық көргендер екеуін айыра алмаған соң, бірінің басында ой туындайды. Бауыры ағасына:

— Кел екеуміз де асқабақ отырғызайық, кімнің көкінісі үлкен болады сол осында қалады. Кімдікі, кіші болса, сол сақалын қырып тастасын. Әйтпесе, барша екеумізді де сенің атыңмен атайды – деген шағымды үндемей келісіпті. Ауыл тұрғындарын жинап, өздерінің сайыстары жайлы айтады. Бәсеке басталды, көршілер куәгер.

Екеуі де асқабақ отырғызады, бір уақытта суарады, бірге астын қопсытады. Бірақ, Әбілдің асқабағы жапырақ шығарса, інісінің көкінісі өспейді. Сөйтіп, екіншісі өзгесіне шүбәлана бастайды: «Бәлкім, мен ұйықтағанда ол асқабағына өзгеше қарайтын шығар» деп, түнде Әбілдің қимылдарын бақылуаға алады. Бірақ, ол түнде рахаттанып ұйықтап, күндіз бойындағы күшін асқабағын қарауға жұмсайды. Ал, Қабыл түнде ұйықтамаған соң, күні бойы асқабағына қарауға мұршасы жетпейді қиналып жүреді.

Күндер зулап өте берді. Әбілдің асқабағы бір үлкен гүл ашты. Ал, Қабылдікі болса енді-енді жапырақ жайды. Сонда кенженің басына тағы бір ой келді: «Бәлкім, ол асқабағын құнарлы жерге отырғызған болар» деп, ағасына келіп

— Бұл сайысымыз әділетсіз өтіп жатыр. Себебі, сенің асқабағын жақсы жерде тұр. Сол себепті гүлдеп жатыр. Соны біле тұра, сен үндемей жүрсің.

— Енді қайтсек екен... Қабыл, кел ауысайық.

— Бірақ... жарайды.

Сөйтіп ағайындылар жерлерін ауыстырады. Тағы да екеуі бір уақытта жұмыс істейді. Бірақ, Әбілдің берген асқабағы солып, Қабылдан қалған асқабақ гүлдей бастайды. Сонда қабылдың басына тағы ой келеді. «Қайтсем де жеңіске жетуім керек. Өзім ой шығарып, сақалсыз қалсам, жұрт не дейді. Сол, үшін жеңуім керек. Бәлкім, ағам ұйықтап жатқанда оның асқабағының түбіне жуындылар құйып, топырағын бұзсам жеңіске жетермін» - деп, түйіп жұмысқа кіреседі.

Қабыл қанша тырысса да, айласы жүзеге аспайды. Әбілдің асқабағы өсіп, жапырақ жая бастады. Сайыс күндері соңына жетіп келеді. Уақыт жылжыған сайын, Қабылдың көңіл күйі түсе бастады. Ертең нәтиже шығаратын күн, Қабыл мазасызданып жатыр. Бауырының хәлін көрген Әбіл:

— Қабыл, саған не болды?

— Жәй... ертең ұстарамды дайындаймын – деп, зорға жауап берді.

— Неге сен?

— Себебі, жеңілдім. Сақалымды алып берейін деп пе едің?

— Жоқ... бірақ неге сен сақалыңды аласың, мен жеңілдім ғой – деген Әбілдің сөзіне қуанып, басын жастықтан жұлып алып.

— Шын ба?

— Дәл солай, себебі сенің салған дәнің нәтиже берді. Мен салған дән гүлдеді де, қойды.

— Шынымен де солай... Сонда мен жеңдім ғой. Басында солай айтпайсың ба?

— Дәл солай... ал, қазір ұйықта.

Таң атты. Қабыл керіліп болған соң, ағасының төсегіне қараса, ол жоқ. Жеңімпаздарша ауласына шықты. Ол жерде де жоқ. «Сақалын алуға намыстанып қашып кеткен болар» - деп, миығынан күліп бақшаға барса, екі бірдей асқабақ тұр. Біреуі Әбілдікі, екіншісі өзінікі. Жеңіссіз қалуға қорыққанан «Біреу-міреу көріп қалмай тұрғанда жұлып тастайын» деп, енді қимылға көшкенде. Артынан Әбілдің дауысы шықты. Ол халықты ертіп келіпті.

— Ал, ағайын сіздер біздің егіз екенімізді білесіздер. Сол себепті де болар, бізді көп шатастырасыздар. Біздің сайысқа өздеріңіз куә болып едіңіздер. Енді нәтижесін де өздеріңіз көріп тұрсыздар. Құдірет болар, бір ата-анадан туған бауырлардың екі бөлек жерге салған дәнінен бірдей нәтиже берілді.

Халық Әбілдің сөзін қоштап кетті.

— Себебі, екі асқабаққа да Қабыл екеуміз бірдей қарадық. Біріміз дәнін салсақ, екіншіміз суарып өсірдік. Сіздерге де рахмет. Сіздерге шын ықласыммен өз асқабағымды беремін – деп, жиналған жұртқа сыйға тартты. Халық Әбілмен бірге көкеністі алып тарасты. Ал, Қабыл біраз уақытқа шейін, өзіне келе алмай, жасағанынан ұялды. Жуындымен суарған асқабақты құшақтап бақшада жалғыз қалды. Сол күннен бері егіздердің жүздері бір-біріне ұқсамайды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама