Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бәрін білгім келеді
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді» білім сайысы
Мақсаты: Музыка пәні бойынша алған білімдерін саралау.
Музыка өнерін құрметтейтін, халқымыздың мәдени асыл мұраларын ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырушы азамат тәрбиелеу.
Музыкаға деген қабілеттерін, ұлттық өнер негізінде шығармашылық ойлауын дамыту.
Әдісі: ой - қозғау, ой - дамыту
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Командалармен таныстыру: 6 класс оқушылары арасында.
ІІІ. Сайыс ережесімен және кезеңдерімен таныстыру.
Бүгінгі біздің «Бәрін білгім келеді» білім сайысы музыка пәні бойынша алған білімдеріңді саралау. Осы орайда сендердің пәнге деген қызығушылықтарыңды арттыру. Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:
1 - кезең: Тест сұрақтарына жауап беріп, ұпай жинау. Тест 25 сұрақтан тұрады. Кім қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай жинайды.
2 - кезең: Тұлғаны таны деп аталады. Мұнда ұяшықтың астына жасырылған композиторлардың аты - жөні мен шығармаларынан мысал келтіреміз
3 - кезең: Ойлан тап, бұл кезеңде сандықтың ішіне жасырылған жұмбақтың шешімін табу
Сонымен І кезеңге кезек береміз:
Ойын: «Бәрін білгім келеді»
1) Қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші:
а) Кетбұға
б) Қорқыт
в) Дина
2) Әнді орындайтын адам:
а) әнші
б) жыршы
в) күйші
3) Үйлену тойында айтылатын әндер:
а) толғау
б) жар – жар
в) әлди - әлди
4) Саздан жасалынған музыкалық аспап:
а) Дабыл
б) Сыбызғы
в) Үскірік
5) Бірінші сызықтың өзіне жазылатын нота:
а) соль
б) до
в) ми
6) Қазақ вальсі әнінің авторы:
а) Л. Хамиди
б) Н. Тілендиев
в) Б. Байқадамов
7) Грегориандық ән айту дегеніміз не:
а) Көп дауысты вокалды музыка
б) Жалғыз дауысты шіркеулік музыка
в) Бір әуенді бірнеше түрге құбылту
8) Альтерация белгілері:
а) Музыкалық дыбыстарды жоғарылату
б) Бірінен кейін бірін жалғастыра ойнау
в) Биіктік бойынша құрылған дыбыс
9) Ән айтқанда нені есте сақтау керек:
а) ән шырқау
б) дұрыс тыныс алу
в) әуенді жырлау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама