Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Орыс халқының музыкасы
Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы
Мақсаты: Білімділік: Орыс халқының музыкасы және музыка аспаптарымен танысу.
Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Орыс халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту, би билеу т. б.
Көрнекілігі: Орыстың музыкалық аспаптары (бубен, трещетка, погремушкалар, маракастар, балалайка), суреттер, нота тақтасы, сөзжұмбақ, үнтаспа.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу

ІІ. «Біз - бейбіт ел ұланы» әнін орындап, оқушылар сыныпқа кіреді.
- Қандай музыка?
- Марш! (есік қағылады)
- Кіріңіз! (Бала кіреді)
Мұғалім:- О, кіре ғой, қайдан жүрсің?
Бала:- Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осында ма екен?
Мұғалім:- Иә, олар осы сыныпта.
Бала: - Бұл балалар көп біледі ме, мен жолдан мынандай кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер, нені ашатынын білмей басым қатты.
(бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді)
Мұғалім:- бұлардың қандай кілттер екенін білмейсің бе?
Бала:- Жоқ!
Мұғалім:- Балалар, бұл қандай кілт, нені ашады? (оқушылар жауап береді)
- Ендеше мына тақтадағы сиқырлы ноталарды ашайық, осы кілт ашады ғой деймін. (ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді)
Бала: – Таптым! Осы ерекше кілтпен мына ноталарды ашайық, қалған кілттерді кімде - кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын, кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістік пе?
Мұғалім:- Жарайды, келісейік пе, балалар?
1 - ші нотаны ашайық, қандай нота
«ДО»Үй тапсырмасы
1. ХІХ ғ. Кәсіби музыка өнерінің даму жолдары
2. “Үлкен топ” (Могучая кучка) идеялық одағы құрамы кімдер кірді
3. Оперетта дегеніміз не?
4. Романс дегеніміз не?
5. “Композитор” сөзжұмбағы шешу

«РЕ»Жаңа сабақ
- Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады. Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық.
- Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады? (оқушылар жауап береді)
- Қазақстанның көршілес қандай мемлекеттер бар?
- Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері бар, бүгінгі сабақтан бастап, көршілес мемлекеттердің музыкаларымен танысатын боламыз. Республикамызбен шектесетін мемлекеттің бірі – Ресей Федерациясы. Біз Ресеймен ғасырлар бойы көршілес тату елміз. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы
Орыс музыка мәдениетінің көрнекті өкілдері: А. Алябев, А. Варламов, А. Гурилев шығармаларында тұрмыстық романс өріс алды. Орыстың классикалық музыкасының негізін қалаушы - М. И. Глинка болды.
Ресей музыка мәдениетінің өсуіне фортепиано аспабының орындаушысы, композитор, дирижер А. Рубинштейн (1866 жылы Мәскеу консерваториясын ашқан), көрнекті композиторлар - М. Балакирев, М. Мусоргский, Н. Римский - Корсаков, А. Бородин. Б. Чайковский, А. Глазунов, С. Танеев, А. Лядов, А. Аренский және тағы да басқалар зор үлес қосты.
ХХ ғасырды басында А. Скрябин, С. Рахманинов, С. Прокофьев, Н. Мясковский, Р. Глиэр. А. Гедике шығармашылығы орыс мәдениетінің мақтанышы болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама