Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Бәрін білгім келеді, Қортынды сабақ
Қортынды сабақ
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тілдерін жетілдіру, біліп – үйренуге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: Ғажайып алаң, тапсырмалар, суреттер.
Сабақ түрі: ойын « Ғажайып алаң».
Сөздік жұмыс: ғажайып алаң, тыйым сөздер.

Шаттық шеңбер:
Біз көңілді баламыз,
Ойнап асыр саламыз.
Ашық аспан астында
Күндей нұрлы боламыз.

Бүгін біздің іс - әрекетіміз ойын түрінде өтеді. «Ғажайып алаң» - ойын алаңы, телеарнада жүргізілетін, кең тараған ойынның бірі. Әріптердің орнына, біз берілген тапсырмаларды орындаймыз. Ойынға дайынбыз ба? Ендеше, іске сәт!
1. Балалар бүгінгі біздің ашық оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Күндегі оқу іс - әрекетімізден ерекшелігі сіздер бүгін сайысқа түсесіздер. Ол үшін екі топқа бөлініп отырмыз.
І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Тапқырлар»
Енді топтарымыз аты және ұранымен таныстырып өтсін.

2. Олай болса бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін берілген тапсымаларға дұрыс жауап берген топқа ұпайлар беріліп отырады.
Өте жақсы жауап берсе - қызыл дөңгелек.
Жақсы жауап берсе - Көк төртбұрыш.
Орташа жауап берсе - сары үшбұрыш.

3. Ғажайып сәт. Білім ханшайым кіреді. Қолында көптеген тапсырмалары бар.
Ханшайымның бірінші тапсырмасы шарларды жару арқылы ішінен шыққан сұраққа жауап береді.
І - бөлім. «Кім тапқыр»
1 - тапсырма.
Дауысты, дауыссыз дыбыс дегеніміз не? ІІ. Өткен сабақты қайталау
Тәрбиеші: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?
Оқушылар: - оқуды жазуды.
Тәрбиеші: - дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Тәрбиеші: - әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Тәрбиеші: - дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.
Тәрбиеші: дауысты дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамай шыққан дыбыс.
Тәрбиеші: Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

• Оқушы: өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыс.
Тәрбиеші: - әріптерден не құралады?
Оқушы: - сөз.
Тәрбиеші: - сөзден не құралады?
Оқушы: - Сөйлем.
Тәрбиеші: - сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: - бас әріппен.
Тәрбиеші: - Өте жақсы.
• 2 - тапсырма.
«Жоғалған әріп» ойыны
ше.. е, е.. еу, е. гін,

Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.

Берілген сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
Жұмбақ: Білімнен мол сый – асы.
Балдырғандардың ұясы. (Мектеп)

Бәрін білгім келеді, Қортынды сабақ. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама