Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера (7 сынып)
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7. 3. 3. 5 - Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
Сабақ мақсаттары
Барлығы: Мұхит суының басты қасиеттерін сипаттайды
Көпшілігі: Судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды.
Кейбірі: Мұхит суының қасиеттерін анықтау кезінде нақты мәліметтерді қолданады.
Бағалау критерийлері: Мұхит суының басты қасиеттерін сипаттайды
Судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды.
Мұхит суының қасиеттерін анықтау кезінде нақты мәліметтерді қолданады.
Тілдік мақсаттар:
«Судың тұздылығы», «промилле», «тұздылық құрамының тұрақтылығы», «судың тығыздығы» ұғымдарының мағынасын білу.
Құндылықтарға баулу: Қоршаған табиғи ортаға жанашырлыққа баулу
Пәнаралық байланыстар: Физика, Алгебра 7 сынып
АКТ қолдану дағдылары: АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.
Алдыңғы білім: Дүниежүзілік мұхит бөліктері

Сабақтың басы 10 мин
І Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеу, түрлі түсті суреттер арқылы «Теңіздер», «Шығанақтар», «Бұғаздар» топтарына бөлу.
ІІ Қызығушылықты ояту
«Гүл сыйлау» әдісімен үй тапсырмасын тексеру
Дескрипторлар:
- сұрақтың тақырып мазмұнына сай дұрыс қойылуы
- қойылған сұрақтарға нақты жауап беру
Бағалау ӨТЕ ЖАҚСЫ ЖАҚСЫ ОРТАША

Сабақтың ортасы 22 мин
ІІІ Мағынаны тану.
-«Ой қозғау»
Мұхит суының қандай қасиеттерін білесіңдер?

-«Түрткі сұрақтар»
«Теңіздер» тобына:
1. Дүниежүзілік мұхит суының басты қасиеті?
2. Теңіз суының ерекшелігі?
3. Мұхит сулары тұздығының орташа көрсеткіші?
4. Мұхит суының тұздылық айырмашылығының басты себебі?
5. Ең жоғары және ең төмен тұздылық байқалатын мұхиттар?

«Шығанақтар» тобына:
1. Судың тұздылығы неге байланысты?
2. Әрбір 10метр тереңдеген сайын су қысымы қаншаға артады?
3. Мұхит суының мөлдірлігі мен түсі?
4. Экваторлық және тропиктік ендіктердегі мұхит суының түсі?
5. Қоңыржай ендіктердегі судың түсі?
«Бұғаздар» тобына:
1. Мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері қандай заңдылыққа сәйкес өзгереді?
2. Мұхиттағы зоналық неге байланысты?
3. Дүниежүзілік мұхит бетінің жылдық орташа температурасы?
4. Мұхиттардағы температураның әркелкі таралуы?
5. Мұхит суларынан қандай бағалы химиялық шикізаттар өндіріледі?

Дескрипторлар:
- мұхит суларының қасиеттерін анықтайды
- судың тығыздығына әсер ететін факторларды атап көрсетеді
- мұхит бетіндегі жылудың зоналар бойынша таралуын түсіндіреді.

Бағалау: «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Жарайсың!»

«Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп – гимназия»КММ
Мұғалім: Қ. Ж. Агзамова

Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері. жүктеу
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама