Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Баскетбол. Жылдамдықты арттыру
Атырау облысы білім беру басқармасы
«Қызылқоға аграрлы - техникалық колледжі»
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Нұрлан Альжанов

Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Баскетбол. Жылдамдықты арттыру

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға баскетбол ойынының элементтерін үйрету;
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, әдістерді дұрыс орындауға үйрету, оқушылардың жылдамдығы мен шыдамдылық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру, ойын сабағы
Сабақтың әдісі: жеке және топтық жұмыс
Құрал жабдықтар: Ысқырғыш, баскетбол доптары, себет, кедергілер, орындықтар, секундомер т. б.
Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақтың жүрісі
Сабақтың мазмұны
Студенттерді сапқа тұрғызу.
Топ санын түгелдеу.
Мәлімдеме қабылдау
Жаңа сабақ барысында баскетбол ойыны жөнінде қысқаша мағлұмат беру
Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- Отырып секіре жүру.
- Дем алу, дем шығару.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама