Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Желілік қауымдастық – XXI ғасырдағы білім беру ортасының шығармашылық жемісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№20 М. Әуезов атындағы орта мектептің
экономика және құқық пәні мұғалімі
Бекназарова Рима Аяшовна

Желілік қауымдастық – XXI ғасырдағы білім беру ортасының шығармашылық жемісі

Қауымдастық дегеніміз – сапаға, дәлдік және нәтижеге бағдарланған қоғамдық ұйым.
«Жаңа формация педагогы әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогика құралдарын шебер меңгерген, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашылық тұлға»
(Н. Ә. Назарбаев)

Мақсаты:
Ақпаратты тарату үшін, білім беру орталарын ұтымды құра білуге баулу. Ынтымақтастық жасап өзара қолдау көрсету үшін ұжымдық ой - пікір білдіру, тәжірибе алмасу

Міндеті:
Әріптестердің арасында ынтымақтастық орнату, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсарту, кәсіби біліктілікті арттыру, жаңа бағытта шығармашылықпен жұмыстану.

Желілік қауымдастық құру үшін жоспарлап алу керек.
Қауымдастықтың атауын;
Оған қатысатын мұғалімдер, мектептер санатын;
Қауымдастықтың мақсаттары, міндеттерін;
Ұсынылатын іс - шаралар жоспарын;
Қауымдастықты басқару және жетекшілік ету рәсімдерін;
Қауымдастықтың мүмкіндіктерін;
Қауымдастықтың нәтижесін;
Қауымдастықтың болашақтағы жетістіктерін;

Желілік Қауымдастық ұйымдастыру
Кім?
Адамдар қандай рөлдерді орындайды? Штатты кім құрады? Материалдарды кім таратып, адамдардың қалай жүріп - тұруын, не істеу керектігін кім айтады? Таныстырылымды кім жасайды? Семинарларды кім өткізеді?

Не? Шараның мақсаты қандай? Қандай іс - шаралар өткізіледі? Шаралар арасында тепе - теңдік сақталған ба? Шаралар кестесі қандай?

Қашан?
Жоспарлау үшін қанша уақыт керек? Қатысушыларға арналған қанша шақыру қағазы керек?
Мүмкіндігінше көп адам жинау үшін іс - шараны аптаның қай күнінде өткізген ыңғайлы? Қатысушыларды күннің қай мезгілінде көп жинауға болады?

Қалай? Қатысушыларға жайлы жағдай жасалуына мән беріле ме? Дәретхана, буфет, демалыс орындары бар ма, жеткілікті ме және т. с. с. Қатысушылардың барынша сенім білдіріп, белсенді қатысуын қалай қамтамасыз етесіз?

Қайда?
Шара үшін қандай орын қажет? Қанша бөлме? Жалпы отырыс өткізу үшін үлкен бөлме керек пе? Семинар өткізуге арналған шағын бөлмелер керек пе? Плакаттарды және басқа да құралдарды орналастыруға арналған жер керек пе?

Немен? Қатысушыларға желілік қоғамдастыққа бірігу жөнінде кеңес беру үшін сізге қандай құралдар қажет болады? Кез келген таныстырылымды жоспарлауға қалай көмектесе аласыз? Экран арқылы көрсету немесе өнімді пікірталас жүргізуге көмектесу үшін сіз не істейсіз?

Нәтижесі қандай?
Іс - шараны қалай бағалайсыз? Сіз жылдам кері байланыс ала аласыз ба? Оны қалай жинап, қалай өңдейсіз? Бағалау үшін қандай құралдар жасау қажет?

Ары қарай не болмақ?
Бұдан әрі қандай шара қабылдайсыз? Іс - шара таспаға жазыла ма? Бұл шараға қатыспаған, бірақ келесі жолы келе алатын адамдармен іс - шара туралы жаңалықпен қалай бөлісесіз?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама