Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Батик өнері
Бастауыш класс, еңбекке баулу
Батик өнері
Бастауыш класс
Сабақтың тақырыбы: матадан аппликация жасау
Сабақтың мақсаты: оқушыларға батик өнері туралы ұғым қалыптастыру. Құттықтау ашық хат жасау технологиясымен таныстыру, орындалу тәсілдерін үйрету.
Білімділік: батиктің шығу тарихымен және оның түрлерімен таныстыру. Қазіргі өмірдегі батик өнерінің қажеттілігі туралы мәлімет беру;
Дамытушылық: оқушылардың шеберлігін, өнерге деген ынтасын, эстетикалық талғамын шыңдау;
Тәрбиелік: еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға, әсем безендіруге баулу, сұлулықты қабылдау сезімдерін ояту.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: топтық, сарамандық жұмыс
Көрнекілігі: мата, керілген рама, желім, қылқалам, қайшы, үлгі қималар, ашық хат үлгілері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. (шаттық шеңбері) Гүлдер биі
Топқа бөлу:
Шеңберде тұрған оқушылар гүл таңдайды гүлдің түсіне қарай үш топқа бөлінеді
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық
І Топтық тапсырмалар:
1. Топ сызба арқылы мата туралы мәлімет береді
2. Топ сызбаға матаға байланысты өнер түрлерін жазады
3. Топ сызбаға білетін мата түрлерін жазады
Әр топ өз жауаптарын тақтаға шығып қорғайды, үш шапалақпен қошемет көрсетіледі.
2 – тапсырма
Сөзжұмбақ
(Батик өнері)
1. Мата атауы? (бархыт)
2. Жібек тектес мата? (атлас)
3. Иненің бір түрі? (Тебен)
4. Ұшақ тәріздес жәндік? (инелік)
5. Төрге жайылатын төсеніш (көрпе)
6. Киімге көрік беретін... (өрнек)
7. Ас атасы (нан)
8. Ат әбзелі (ер)
9. Гүл (раушан)
10. Түйме өзгеше (ілгек)
ІІІЖаңа сабақ
Батик өнері
Батик өнері арқылы жасалын бұйымдар.
Әр халықтың өзіндік қолөнері бар екені барлығымызға аян. Қолөнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы.
Қолөнердің бір түрі батик өнері. Батик өнерінің Отаны Қытай және үнді елі. Бірақ бұл батик өнері ХVII ғасырда Индонезия елінде Ява және Бали аралдарында дамып, бүкіл әлемге тараған өнер. Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик. Негізі «Батик» сөзінің аудармасы «ыстық балауызбен сурет салу» Яғни матаға суретті түсіру үшін ерітілген балауызды қолданған.
Біз бүгінгі сабағымызда батиктің суық түрін қолданамыз.
Сергіту сәті.
Интерактивтік тақтадан (қара жорға )
3 – топтық тапсырма:
Үш топқа үш түрлі үлгі сурет тапсырылады.
Осы үлгілерді мата бетіне түсіреміз. Түсірілген із бойынша қиып аламыз. Ашық хат жасау үшін ақ картоннан үлгісін дайындаймыз. Қиылған үлгілерді рет – ретімен хатқа жапсырамыз. Матаны акварель бояуларымен жиектерін бояу арқылы әрлейміз.
Әр топ өз жұмысын ортаға салып қорғайды.
Сабақты бекіту.
Зымыран сұрақтар
1. Батик өнері қай елде шықты?
2. Қай ғасырда және қай елде батик өнері дамыған?
3. Батиктің қандай түрлері бар?
4. Батиктен қандай бұйымдар жасауға болады?
5. Батик сөзінің мағынасы нені білдіреді?
6. Қазіргі заманда бұл өнер қажет пе?
Рефлексия.
Пікір ағашына сабақтың ұнағандығын білдіретін түстер жапсырамыз.
Бағалау.
Жұлдызды сәт
Топтар бірін – бірі бағалап жұлдызшалар сыйлайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама