Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
[Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Есепті шығаруда теңдеу құру арқылы шығарып, оқушылардың білімдерін бекіту.
2. оқушылардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
3Оқудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымды бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Есепті шығаруда теңдеу құру арқылы шығарып, оқушылардың білімдерін бекіту.
2. оқушылардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
3Оқудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымды бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың типі: білім – білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу
Сабақтың әдістері: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар
Сабақ көрнекілігі: слайд тапсырмалары, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық..
- Балалар бір - біріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?
/Балалар кезектесіп жақсы тілектер айтады/
- Мен саған ашық аспан тілеймін!
- Мықты денсаулық тілеймін!
- Мен бақыт тілеймін!
- Нұрлы күн тілеймін!
Нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға аямай нұрын төгіп тұр./слайд №1/
Нұрлы күннің әкелген сиқырлы сандықшасы бар екен. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік. /слайд №2/
Адасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. /жауабы: х - икс/
Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады./слайд №3/
3. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспары:
1. Бәйге.
2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
3. Білгенге маржан, білмеске арзан.
4. Бойы сергектің, ойы да сергек.
5. Еңбек түбі – береке.
6. Қызықты есептер.
7. Қорытынды.
Дәптерімізді ашып, күн жадын, тақырыпты жазайық.

1. «Бәйге» ойыны./өткенді қайталау/ /слайд №4/
1. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? /тік төртбұрыш/
2. Ауданды қалай табамыз? /ұзындығы мен енін көбейтеміз/
3. Көлемді қалай табамыз? /ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз/
4. Фигураның периметрін қалай табамыз? /барлық қабырғаларын қосамыз/
5. Жылдамдықты қалай табамыз? /қашықтықты уақытқа бөлеміз/
6. Теңдеу дегеніміз не? /теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік/
7. Неше түрі бар? /екі/

2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл /слайд №5/
Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс.
1 - тапсырма/слайд №5/
Принтер Басып шығару жылдамдығы Уақыт Беттер саны
1 35 бет/мин 5 мин
2 5 мин 120 бет
3 17 бет/мин 340 бет

Принтер Басып шығару жылдамдығы Уақыт Беттер саны
1 450 таңба/с 120 с
2 30 с 15000 таңба
3 350 таңба/с 21000 таңба

2 - тапсырма. /слайд №6
15*2+х=60
3 - тапсырма. /слайд №7/
20+30*х=200

3. Білгенге маржан, білмегенге арзан. /слайд №8/
- Қазақстан Республикасында неше облыс бар? /14/
- Біздің облысымыз қалай аталады? /Маңғыстау облысы/
- Біз қай ауданда тұрамыз? /Бейнеу ауданында/
- Қай жылы құрылды?
- Құрамына неше елдімекен кіреді?
4 - тапсырма.
Сызба бойынша есептер құрастыру. /слайд №9/
5 - тапсырма. /Баған түрінде есепте/
768*34 1768*34 951 376: 29 842 748: 27

4. «Бойы сергектіңойы да сергек.
«Баспалдақ» ойыны. /тез есептеу/ /слайд. 10/

5. Еңбек түбі – береке.
Оқулықтағы 7 - тапсырманы орындау.
Интерактивті тақтаға түрлі - түсті бояумен сызып жазу.
Кесінді: ОК, ОЕ
Сәулелер: ОА; ОС; ОД; ОВ; ЕВҒ КД.
Түзулер: АД; СВ.
6. Қызықты есептер.
1. Атасы мен әжесінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге?
2. Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ5 балапан жүзіп жүр. Сонда 2 балапан қайда? /2 балапан тауықтікі/
3. жаңа жыл дастарханына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Ш: 86*2=172 /қыз/
172+86=258
263 - 258=5
Ж: Алма жетеді, 5 алма артық қалады.
4. Үйге тапсырма. №7 - тапсырма (ә)
5. Бағалау.
6. Қорытындылау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама