Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Химия
Сыныбы: 8
Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.
Сабақтың мақсаты: Негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу. Классаралық генетикалық байланысты оқушыларға түсіндіру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Білім мен біліктерін тексеру: Бұрын алған білімді дамыту мақсатында сұрақтар қоямын:
1. Қандай оксидтер тобын білесің?
2. Қышқылдық және негіздік оксидтерге қандай оксидтер жатады?
3. Барлық қышқылдық оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?
4. Барлық негіздік оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?
5. Тұз дегеніміз не? Мысалы.
6. Қышқыл дегеніміз не? Мысалы.
7. Негіз дегеніміз не? Мысалы.
№1 тапсырма, «ОЙЛАН, ТАП» Мына қосылыстардың ішінен бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары өкілдерін теріп жаз:

Жаңа сабақ: Заттарды класқа – оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар деп бөлдік. Әр - қайсысына тән қасиетті қарастыру арқылы олардың арасындағы генетикалық байланысты түсінуге мүмкіндік туады. Оқушыларға металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарының өзара байланысы туралы мәліметтерді естеріне түсіремін.
Генетикалық қатарлардың өзара байланысы
БАЙЛАНЫСТАРДЫ КОДОСКОП АРҚЫЛЫ КЕСКІНДЕП КӨРЕЙІК

МЕТАЛЛ → НЕГІЗДІК ОКСИД → НЕГІЗ →
-------------------------------------------------------------------- ТҰЗ
БЕЙМЕТАЛЛ → ҚЫШҚЫЛДЫҚ ОКСИД → ҚЫШҚЫЛ →

Бұл сызба - нұсқаға қарап, оқушылар металл мен бейметалдың генетикалық қатары тұз түзілумен аяқталатындығы туралы қорытындыға келеді. Заттарды жіктеуде судың алатын орны туралы сұрақты талқылауға болады. Судың негіздік және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде негіз және қышқыл түзетіні белгілі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Судың өзі қандай қасиет көрсетеді?
2. Суды қандай класқа жатқызуға болады?
( Оқушылар заттарды жіктеудің негізгі белгілерін естеріне түсіріп, судың екідайлы оксидке жатқызуға болатындығы туралы қорытындыға келеді.)
Биологияда өсімдіктер мен жануарларды туысқа, түрге бөліп жіктегені сияқты, химияда да заттарды жіктеу арқылы олардың да өздеріне тән қасиеттеріне сәйкес бірігіп, бір тұтас топ түзетінін байқадық. Бұл табиғаттың тұтастығын дәлелдейтін заңдылық.

Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту:
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары бойынша оқулықты пайдаланып, оқушыларға өздік тапсырма беремін:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама