Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Құтты болсын, Жаңа жыл!
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар..

Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушіге Әсел Жангелдіқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Аймереке:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Гүлжан:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.

Арай:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама