Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Білім жолы - сара жол
Білім жолы - сара жол.
Біз үшін ең басты мақсат: білікті маман болу, тәрбиелеу.
Қарапайым халық билік басындағыларды білгенін істеп жатыр, білім жүйесі өз деңгейінде жүріп жатқан жоқ деп сөгуде. Ата - аналар ұстазды, мұғалімдер оқушыны, емделушілер дәрігерлерді, дәрігерлер айлықты, оппозиционерлер саяси жүйені, яғни баршамыз басқаларға кінә тағумен өмірімізді өткізіп жатырмыз. Дегенмен білім министрлігінің 1 наурызында бекітілген 2016 - 2019жылдарды қамтитын ҚР ғылым мен білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында айтылған үш тілді білім беру жүйесі қиындық туғызғанымен болашақта бір ізге түсетіні анық.
5 күндік оқыту стандарттарын енгізу. 5 күндік оқу жақсы, еліміздегі мектептердің көбі ІІ ауысыммен оқиды. Сағаттары ұзайтын мектептерге оқушы симай қалмай ма? Әлі шикі тәжірибе ғой деймін.

Билік басындағылар қазақстандық жас ұрпақты басқа елмен терезесі тең, көкірегі ояу, саналы, салиқалы азамат болса екен деген ниетпен жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылдап жатыр. Қазіргі таңдағы аптаның алты күнінде оқып жүрген оқушылар енді 5 күндік оқу жүйесіне көшпек.
Ал, енді біз 5 күндік оқу жүйесіне дайынбыз ба? Көптеген ата - аналар бұл жүйенің тиімсіз екендігін айтады. Өйткені, сенбі күні қосымша сабақтар мен үйірлелерге қатысуға уақыт жетпейді. Ал, ұстаздар сенбіні шығармашылыққа арнағанды құп көріп отыр. Аталмыш жүйе оқу жүктемесін азайтып қана қоймай, сондай - ақ, баланың еркін белсенді әрекет етуіне жағдай туғызады емес пе? Сонымен қатар, мамыр, маусым айлары жаз айлары болғандықтан күн ысып, баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады емес пе?

Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болғандықтан, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылыми дамытудың 2016 - 2019жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өз аясында дұрыс деңгейде жүзеге асуын қолдаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама