Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Математикадан өткенді қайталау
Алматы облысы Талғар қаласы
"Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 мектеп
жасына дейінгі шағын орталығы
бар ЖББОМ" Мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Дурханова Алия Тилеубековна

Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың міндеті: өткен сабақта алған білімдерін қайталау, пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: есептерді шығару білігін, есептеулер дағдыларын арттыру.
Дамытушылық: логикалық есептердің адам өмірінде тиімділігін дәлелдеп, қазіргі кезде олардың қолдану жайында анықтау және әр сабақта, кез - келген уақытта қолдана білуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа, ұжымдағы ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы
Сабақтың типі: Қайталау
Сабақтың әдістері: түсіндіру, топтық жұмыс, талдау, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, дидактикалық материалдар, үлестірмелер, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
А) зейіндерін аудару, топқа бөлу, топ басшыларын сайлау
Ә) психологиялық дайындық
Күлім қағып қолымды
1, 2, 3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен,
Маңдайыңнан сипайын.
Құшақтасып өзіңмен,
Амандасып алайын.

Негізгі бөлім:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9 тапсырма ауызша тексеріледі, бекітіледі.
ІІІ. Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою.
ІV. Ақпаратты қайта айту және оның қолданылатын жаттығулары арқылы iс - әрекеттің түрлерiн меңгертудi ұйымдастыру.

Дәптерге күн ретін жазу. Таза жазу жолына 215, 1374 сандарын әдемілеп жазып шығу.
Оқулықпен жұмыс. № 1 тапсырма төрт топқа бөлініп беріледі. Оқушылар өз беттерінше дәптерде орындап, ауызша тексереді. Топ мүшелерінің дұрыс орындауларына қарай ұпайлар беріледі. Оқушылар бір – бірін бағдаршам көздері арқылы бағалап отырады (жасыл көзі - 5, сары - 4, қызыл көзі - 3).
304 / 14=21 (10 қ)
976 / 23=42(10қ)
34* 13=442
21* 14+10=304
23 *4+10=966
18* 32 = 576
№ 3 Жалпы сыныппен орындалады. Оқушылар бір – бірін бағдаршам көздері арқылы бағалап отырады (жасыл көзі - 5, сары - 4, қызыл көзі - 3).

Автобуспен – 3 сағ
Жүк машинасымен - 2 сағ
Ш: 300/ (3+2) =60 км / сағ
3*60 = 180 км
Барлығы - 300 км
2* 60 = 120 км

V — бірдей болса, әрқайсысы неше км жүріп өтеді? Ж: автобуспен 180 км, жүк машинасымен 120 км жүріп өтеді.
Сайысу. Жұмыстарын стикерлер арқылы бағалап отыру.. Оқушылар бір – бірін бағдаршам көздері арқылы бағалап отырады (жасыл көзі - 5, сары - 4, қызыл көзі - 3).
(Шапшаңдылыққа берілген тапсырма)

Сергіту сәті:- Балалар ойымызбен қоса, бойымызды да сергітіп алайық. "Тез ойла, сөз ойла" ойыны ойналады.
Тоқсаныншы – оқ, он, тоқ, сан, сақ, қан т. с. с.
Тоқылдақ – тоқ, дақ, қыл, ық, ақ, оқы т. с. с.

V. Алдында алған бiлiм мен бiлiкке сәйкес бiлiмнiң шығармашылық түрде қолданылуы мен меңгерiлуiн проблемалық тақырыптарды шешу арқылы ұйымдастыру.
Оқушылар бір – бірін бағдаршам көздері арқылы бағалап отырады.
№ 7 логика мен шапшаңдыққа арналған слайдтар бойынша жұмыс.

1 - ші аквариумның көлемі - 8 куб дм, бір жағының ауданы – 4 кв дм (барлық жақтарының S тең). 2 - ші аквариумның көлемі - 48 куб дм, S - 6*2=12 кв дм, S - 2*4 =8 кв дм, S - 6*4=24кв дм

VI. Сабақты қорытындылау: - Балалар, қазір әр топтан 1 оқушыдан ортаға шығуларыңды сұраймын. Менің қолымдағы текшені лақтырып, ондағы сұрақтарға жауап берулерің керек.
- Сабақ несімен қызық болды?
- Не қиын болды? т. с. с.
Жинаған ұпайларына қарай орындар тағайындалады.
VII. Келесi сабаққа үй тапсырмасын беру
VIII. Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама