Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Білімді ұрпақ ,ертеңгі байлығымыз
1сынып
Білімді ұрпақ, ертеңгі байлық.
Мақсаты:
Оқушылардың өз ойларын жүйелеп қиялын тұжырымдауға үйрету.
Жан жақты ойлауын, ізденуін дамытып, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Ой өрісін кеңейтіп, тілдік сөздік қорларын молайту.
Болашаққа үлесін қоса білетін, білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Оқушыларды әдептілікке адамдарды қарым қатынас жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы ойын сабақ.
Әдісі: Сөздік, көрнекілік, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер «Бүгінгі білім - ертеңгі байлық»

Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
Ал, келіндер, келіңдер,
Біріңе - бірін еріндер,
Біліміңді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер.
(Әділқазылар алқасын сайлау)
(ойын ережесімен таныстыру)
Топтарды таныстыру.

1 - топ «Болашақ»
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

2 - топ.«Ұрпақ»
Сабақтан қалмаймыз,
Жаман баға алмаймыз
Кім болып өсуді,
Қазірден таңдаймыз.

1. «Ұшқыр ой»(математикалық жұмбақ)

1. Сатып алып бір сәбіз,
Қойды үйрек себетке.
Тағы сонша қосса оған,
Нешеу болмақ әдетте? (2сәбіз)

2. Үш алманы бақтағы
Кірпі барып жинады.
Ең әдемі тәттісін,
Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын? (2алма)

3. Құмырсқа еңбекшіл,
Ұйымшыл және ол көпшіл.
Екеуі жүр дән тосып,
Екеуі шөпке жармасып,
Сонда шырша түбінде
Нешеу болды санап шық? (4 құмырсқа)

4. Тура және кері санау.
5. Аулада 3 үйрек, қорада 1 үйрек, 1үйрек тығылды, 1үйрек жығылды? 2үйрек
6. Геометриялық пішіндерді ата?
7. 5+4 қосындысы.
8. 4+4 қосындысы.

2.«Бәйге»
1. Бір жылда неше ай бар?
2. Бағдаршамның неше көзі бар?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4. Қандай ертегі білесін?
5. Жаңбыр жауғаннан кейін аспанда не пайда болады?
6. Өсімдік өсу үшін не қажет?
7. Неше жыл мезгілі бар?
8. Бір аптада неше күн бар?

3.«Тілашар»
1. Қыс бойына жатады тәтті ұйқыға батады? Аю - медведь
2. Үсті толы ине,
Инесіне тиме.
Инесіне тисең
Жете алмайсың үйге? кірпі
1. Адамға серік
Күзетке берік? Ит
2. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар? қой
4.«Білгенге маржан» өлең шумақтарын айту.
Кім қанша біледі.
6. Қорытындылау, марапаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама