Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
66. Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
67. Қосарлану жолмен жасалған туынды сөздер
68. Тіркесу жолмен жасалған туынды сөздер
69. Сөзжасамнан өткенді қайталау
70. Тіл мәдениеті, әдеби тіл нормасы


1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: IV
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың бірігу жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың бірігу жолмен жасалған туынды сөздер түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, сөз байлығын дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсінік.
2. 365, 366 - жаттығу

ІІІ Білім тексеру
Өздік жұмыс
1. Төмендегі түбірлерден түбірлес сөздер жаса
Жақ, тақ, қар, орын.

ІV жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.

VІ Түсінік тексеру
1. Жаңа сөздер қандай жолдармен жасалады?
2. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге мысал жаз.
3. Бірігу жолмен жасалған туынды сөздерге мысал жаз.
4. Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіңдер?

VІІ. Сабақты бекіту
374 – жаттығу
* Төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.
375 – жаттығу
* Мына біріккен сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңдар.
377 – жаттығу
* Мәтіннен біріккен сөздерді тауып жазыңдар.

VIІІ Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасы:
1. Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсінік.
2. 380 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама