Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Үй құстары
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы
Тәрбиешісі: Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін тиянақтау
Білімділік. Сурет арқылы үй құстарын атауларын дұрыс атап беру.
Дамытушылық: Балалардың тілдік қорын молайту, ой - өрісін дамыту
Тәрбиелік: Үй құстарын қамқорлыққа алуға баулу.
Сөздік жұмысы: тауық, әтеш, үйрек, қаз
Көрнекілік: үй құстары суреттері
Билингвалдық компонент: әтеш - петух, тауық - курица, қаз - гусь т. б.

Ынталандыру сезімді ояту
Балалар сәлемдесіп
Шаттық шеңбер жасайды

Топ, топ басайық,
Жалаудан үй жасайық!
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн»

Ізденістер, ұйымдастыру
Тәрбиеші балалар сендер ауылға барғыларың келе ме?
Ендеше біз ауылға барамыз. Ауыл алыс немен барамыз?
Қане поезд болып тізбектеп тұрайық
Қане кімнің бойы ұзын
Паровоз ол поездің
Қатар, қатар тұрайық
Ауылға біз барайық
Міне ауылға да жеттік, Ой кім жылап тұр мұнда
Әженің жылағаны естіледі
Әже сізді кім ренжітті
Әже: Мені ешкім ренжіткен жоқ аяғымды ауыртып алдым, балапанды іздеп жүрген едім соған жылап тұрмын
Тәрбиеші: Балалар біз әжеге көмектесеміз бе?
Қане балапанды іздеуге шығамыз
Жолда үйшікте жатқан күшіктен сұрайық

Күшік, күшік әженің балапанын көрмедің бе?
Күшік: Көрдім, көрдім менің бір тапсырмамды орындасаңдар сосын айтамын

Үй құстарын атап даусын табыңдар
Күшік: рахмет дұрыс көрсете білдіңдер анау жатқан мысықтан сұраңдар сол біледі

Мысық: Иә көрдім менімен ойнасаңдар айтамын
«Анасын тап» ойыны
Ойын шарты: Үстел үстінде үй құстары
суреттеріне өз балаларын алдына алып қою.
Сұрақ жауап

Сергіту сәті: «Менің шөжелерім»
Қимыл қозғалыстар көрсету

«Артығын тап» ойыны
Шарты: Суреттер ішінен артық суреті табу
Әжеге балапанды береді
Әже Рахмет айтады балаларға сыйлық береді

Рефлексиялық түзетушілік
Балалар біз қайда бардық
Кімге көмектестік, балапан қайда кетіп қалды?
әженің үй құстарын атап беріңдерші?
Ендеше біз топқа қайтамыз поезбен

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй құстарын атауларын.
Игереді: Балалар үй құстарының дауысын ажыратуды игереді
Меңгереді: Шөжелер қимыл - қозғалыстары.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама