Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Біріккен сөз
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға біріккенсөз туралы ұғым беру.
Біріккен сөзді үйрете отырып, сөздердің қатесіз жазуға баулу;
Оқушының білімге қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Олардың топпен жұмыс істей білуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тіл байлығын, шығармашылық қабілет терін қалыптастыру;
Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу, өз бетінше ізденуге үйрету;
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а/ оқушыларды сабаққа әзірлеу
ә/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
б/ Психологиялық дайындық.
«Мен қандаймын?» Әркім өз есімінің басты әріпіне байланысты сын есімді айтады./Адина - ақылды, Ермек - ерекше т. б./
2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ
Суретті диктант
- Суретте не көріп тұрсыңдар? Соны әдемі, көркем етіп дәптерлеріне жазыңдар.
/Кемпірқосақ, бәйшешек, тасбақа, күркетауық, аққу, аққала, қолшатыр, асқабақ т. б./

- Балалар міне біз қандай сөздерді дәптерімізге жаздық.
Балалар бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы «Біріккен сөз»
2. «Біріккен сөз» ұғымын түсіндіру. Ережесін шығару.
3. Тақтадағы сөздерді оқу арқылы сабақты меңгерту.
/Балмұздақ, шаңсорғыш, қосаяқ, итмұрын, өнеркәсіп, баспасөз/

4. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу/ауызша орындау/ Сөздерді оқу. Олар қалай жасалған?
Әр сөз неше түбірден құралған?
Талдықорған, егеуқұйрық, еңбеккүн, Жетіқарақшы, Қаламқас, Жұмабай, беташар, асатаяқ, ақсүйек, алтыбақан т. б.
2 - жаттығу /Жазбаша орындау/ Берілген сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Кісі аттары: Орынбасар, Жұмабай, Айгүл
Аң, құс атаулары: Егеуқұйрық, аққу, бірқазан
Ойын атаулары: Ақсүйек, алтыбақан
Дене мүшелері: Ұлтабар, асқазан, сегізкөз
Екібастұз сөзінің құрамын талда. Неше түбірден бірігу арқылы жасалған

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама