Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Сан есім
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен жұмыс істеуге үйрету.
Білімділігі: Сан есім туралы берілген білімді еске түсіріп, кеңейту. Сөз таптарына талдау жасауды үйрету.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдістері: сұрақ - жауап, тапсырма беру, топтау, сызбамен жұмыс, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: Карточкалар, семантикалық карта,

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Түзу отыр партада,
Қыры батпас арқаңа \3рет\
II. Үй тапсырмасын тексеру. 5 – жаттығу 66 бет.
III. Өткен сабақты пысықтау.
Балалар, мен сендерге бірнеше сөз жазылған қағаздарды тақтаға ілемін.
Мақал - мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді орнына қой...
1. Жұт – (неше?) ______________ ағайынды.
2.(Неше?) ___________ рет өлше,(неше?) ____________ рет кес.
3.(Неше?) __________ теңгең болғанша, (неше?) _________ досың болсын.
Балалар, біз қандай сөз таптарымен таныстық. Бәріміз танысқан сөз таптарын еске түсірейік. Сендер тақтаға сөз таптардың сұрақтарымен, мысалдарын өз орындарына оқып ілеміз.

Зат есім, Сын есім, Сан есім, Етістік

IV. Балалар, бүгінгі жаңа сабақты бастамас жұмбақты шешейік.
Жұмбақтардың шешуі әріптер.
Тап сақина секілді,
Оң бүйірі кетілді. \С\

Қос аяққа ұқсаған,
Тізесінен тұсаған \А\

Қатар тұрған қос қазық,
Қол ұстасқан достасып \Н\
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Сан есім

Проблемалық сұрақ.
- Сан есімді қайда, қашан кездестіреміз және қолданамыз?
- Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттар да сандарды кездестіреміз. Мысалы дүкенге барғанда, автобусқа отырғанда сандармен кездесіп отырамыз.
Жаттығулармен жұмыс жасай отырып, сан есімді еске түсіреміз, сан есімге сұрақ қоюды үйренеміз.
Тарихи ақпарат: презентация
- Сандардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келі үшін адамдарға біршама уақыт қажет болды.
- Біз кейде қазіргі заманғы сандарды араб сандары деп атаймыз, өйткені осы сандар Еуропадаға Араб елдерінен келген. Сонымен қатар Рим
- сандары да бар, сендер онымен жоғары сыныпта танысасыңдар.
- Көне сандарды белгілейтін ең бірінші символдар көне жетондарға ұқсас шеңберлер мен конустар болды, бірақ ағаш қарындаштарды (таяқшаларды) үшкірлеу етіп ұштауға үйренген адамдар сандарды конустар арқылы бейнелей бастады.
- Қазақта қасиетті сан деп қай сандарды атайды? (3, 7, 9, 13, 40)

Оқулықпен жұмыс
- Балалар, неше?, қанша?, нешінші? Сұрағына жауап беретін қай сөз табы екен? \Сан есім\
- Сан есімнің анықтамасын кім айтып береді?
- 1 - жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді тауып, сөзбен жаз.
Әселдің телефон нөмірі - екі жүз жиырма бес - он бес - жиырма екі.
Сәнімнің телефон нөмері - Екі жүз жетпіс бір - жиырма үш - алпыс сегіз.
2 - жаттығу. Үлгі бойынша карточкаға орындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама