Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
«Біздің ішкі дүниеміз» тренинг - сабақ
«Біздің ішкі дүниеміз» тренинг - сабақ
(ересек топ балаларына арналған)

Мақсаты: баланың ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге көз қарасын білу. Балаға өзінің және басқалардың эмоцияларын, сезімдерін, уайымдарын қабылдауды үйрену.
Көрнекілігі: перде, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, түрлі - түсті қалам, бор, аққудың суреті салынған парақтар, қоңырау.
Сабақ барысы:
Педагог - психолог балалармен сәлемдесіп, бүгін ертегі әлеміне саяхатқа шығатындарын айтады. Бірақ ертегіге жету үшін сиқырлы сөздерді айту керек: «Ертегі, ертегі тезірек басталшы. Қызықтыруға тырысшы».
Балалар сиқырлы сөздерді қайталайды.
Психолог: Міне біздің бірінші қонағымыз да келіп қалды. Перде артынан бала шығады.
Бала: Мені мазақтап, менімен ойнағысы келмеген балаларға өкпелімін. Олар:
Сары, сары, сарғалдақ,
Жей алмайды балмұздақ.
Бала: Мен балмұздақты жей алам,
Балмұздақты жақсы көрем.
Отбасымда барлығымыз сары болсақ не істеймін?
Психолог: Ал маған сенің сарылығың ұнайды, алтын да сары, яғни сені күн жақсы көреді.
Балаларға сұрақ:
  • Сендерді де біреулер мазақтады ма?
  • Сол кезде сендер қандай сезімде болдыңдар?
  • Адамның түрін сынап мазақтауға бола ма?
  • Жоқ болса, неге?
Бала сабасына түсіп, балаларға мейірімділіктені үшін рахметін айтады.
Психолог балалардың назарын ертегілерде жақсы да, жаман да кейіпкерлердің кездесетініне аударады, олар басқаларға ұқсамайтындықтарынан оларды бәрі мазақтайды.
Психолог: Кәнекей осындай ертегілерді есімізге түсірейікші. Бізге жұмбақтар көмектеседі. Кәзір, Серік бізге көмектеседі. Кәнекей балалар, тындаймыз.
Бала: 1. Өзі домалақ, тәтті, апасымен атасынан қашып кетеді.
1. Өздері жетеу, олар өте жақсы, бірақ жаман біреу оларды жеп қояды.
2. Қыз оның досы, біірақ екеуі келіспей қалады.
Жауаптарын естіген бала қуанып өз ертегісіне жүгіріп кетеді.
Психолог Серікпен қоштасып, балаларға «Мұқият болыңдар» деген ойынды ұсынды. Қима қағаздағы қимылдарды қайталауды ұсынды.

Жамбыл облыс, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша педагог - психологі
Скакова Баглан Койшыбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама