Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы.
Мақсаты:
1) Бөлшектер, үлестер туралы ұғым беру. Бөлшектің бөлімі, бөлшектің алымы туралы түсінік беру. Бөлшектердің дұрыс жазылуын үйрету; қозғалысқа берілген есептер шығару; қалдықпен бөлуді, теңдеу шешуді қайталау.
2) Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту; түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық, іскерлік қабілеттерін, математика пәніне қызығушылығын арттыру.
3) Оқушыларды тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ (жаңа білімді меңгерту)
Сабақ түрі: ойын сабақ
Формасы: топтық, жеке, ұжымдық
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық қызығушылық ояту, ойын, ойландыру, ізденіс, өзіндік жұмыс, ой қозғау, проблемалық, ақпараттық технология
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Технологиялық ахуал
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
- Жаңа сабақ
- Ой шақыру
- Алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Тәуелсіздік күні)
- Тәуелсіздікке неше жыл толады? (20 жыл)
- Тәуелсіздікті қашан алдық? (1991.16.12)
- Дұрыс айтасыңдар, алдымызда үлкен мереке – Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлауға дайындық үстіндеміз. Бүгінгі сабағымызды Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаймыз және де «Тәуелсіздік тарланы» атты ойын желісімен өтеді.

Алдымызда 7 басқыш тұр. Өйткені 7 саны қазақ халқында киелі сан болып табылады.
-7 санына байланысты қазақта қандай ұғымдар бар?
- Әр басқыштың өз тапсырмасы бар. Осы тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындаған оқушылар «Тәуелсіздік тарланы» атағына ие болады.
Сонымен сабағымызды бастаймыз. Сабағымыз «Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы» деп аталады.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп - гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі Раева Айна Жылқыбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама