Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
Шалқар қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бисембаева Ақтоты Жалғасбайқызы

Пәні: Әдебиет 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің «Түбінде адам болатын бала» бөлімі
Сабақтың мақсаты:
а) повесть бойынша оқушылардың ойын, Қожа туралы ой-пікірлерді тиянақтау арқылы Қожаға мінездеме беру.
ә) оқушы қабылдау мен оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын, сөйлеу мәнерін дамыту.
б) Қарсылыққа құрметпен қарап, сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және адамгершілікке, адал
достыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ типі: білім, іскерлік пен дағдыны қолдану арқылы бекіту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, іздендіру
Сабақ көрнекілігі: бейнетаспа «Менің атым Қожа» кинофильмінен
интерактивті тақта, слайд - шоу

Сабақтың өту барысы:
I) Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ) Мақсат қою бөлімі. Не меңгеру керек?
1. Қожаның жағымды, жағымсыз іс – әрекеттерін талдау.
2. Мінездеме беру.
3. Оқушының адамгершілік қасиеттерін толықтыру.
ІІІ) Білім, іскерлік пен дағдыны қолдану.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен». Халық мақалы.
Осы халық мақалының мәнін ашу үшін жұмыстар жасаймыз. Ең бірінші жұмыссыз Қожаның жағымды, жағымсыз іс –әрекетерін талдау үшін топқа Э.Венн диаграммасын толтыруға беремін. Повестен үзінді ретінде беріліп отырған кітабымыздың 5 тарауды толық қамтып екі бағанаға жағымды, жағымсыз мінездерін толтырамыз. Әр топ өз диаграммасы толтырып болған соң, әр топтан 1 оқушы шығып мінездемені тақтаға жағады. Әр тараудан Қожаның әр түрлі қырымен суреттеледі.
Балалар! Қожаның жағымды, жағымсыз іс-әрекеттері әлі ашылмаған секілді. Заманның ағымына қарай ой-пікірді ашық, дәлел мен дәйекті келтіре отырып нақты сөйлеу XXI ғасырдың жастарының міндеті.
Ендеше қазір шағын дебат өткізіп жіберейін. Әр топ өздерінің сенімді деген делегаттарын спикер ретінде дебатқа жіберулерің керек.

Жақтаушы топ Даттаушы топ
Критерий «Жақсы бала «Тентек бүлдіреді,
жеткізеді мұратқа» ата-ана күйдіреді»
1. Іште пінір өлгенше... 1. Атыңды адам қойған соң...
2. Оқылығы сай бала... 2. Өзін ғана ойлаған, арамдықтың белгісі
3. Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар

Осы дебаттан Қожаның қандай бала екендігіне көздерің жетті ме? Қай топтың пікіріне келісесіңдер. 3 минут уақыт беремін шағын ой түйіп жазыңдар. «Қожа түбі адам болатын бала». Сабақ басында келтіріп кеткен эпиграфтан біздер келісуімізге бола ма?
1. «Алтын сақа» ойыны (интерактивті тақтамен).
2. Кинодан үзінді (оқулықпен жұмыс).
3. Тест. (10 сұрақ интерактивті тақтамен).

IV. Не білдік? Не меңгердің? Бойымызға жақсы қасиеттерді толтырдық па? Қожа түбінде адам бола ма?
V. Үйге тапсырма.
1.Шығарманы оқу
2. «Менің бойымдағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттер» шығарма.
Өзім туралы «Мен қандаймын?» пікір.
Жақсы, жаман қасиеттер туралы мақал-мәтелдер.
VI. Бағалау. Топ басшысы жетон үлестіріп отырады, сол бойынша бағаланады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама