Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бүкіл әлемге тараған жаңа ауру
Тақырыбы: Бүкіл әлемге тараған жаңа ауру.
Мақсаты: АҚТҚ – ЖҚТБ – жайында оқушылар арасында дұрыс түсінікті қалыптастыру.
АҚТҚ – дегеніміз адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы. Ал, ЖҚТБ – дегеніміз жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі – аурудың ауыр және соңғы АҚТБ мен байланысты сатысы.
АҚТБ адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы арқылы ғалымдар мен медиктердің болжамынан асып кеткен ғаламдық індетті тудырады. Індетті еш жерде де тоқтатудың сәті түспеді. Бүкіл әлемге жан шошытарлықтай көлеммен таралып келе жатқаны байқалып отыр. Осыған байланысты Қазақстанда да етек жайып келе жатқаны байқалып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық жалпы орта білім беру мекемелерінде аталған мәселенің алдын алу шаралары жүргізілуде.
«Аурудың емін іздегенше – ауырмаудың жолын ізде» - деп атамыз қазақ айтқандай АҚТБ ауруымен ауырмау үшін оның алдын алу шараларын білуіміз керек. Ең алғаш рет ЖҚТБ – СПИД 1981 жылы АҚШ басылымдарында жарық көре бастады. АҚТҚ ең негізгі 3 жолмен жұғады:
1. Қан арқылы. (есірткі қабылдаушылар бір шприцті пайдаланғанда). Тексерілмеген қан құйғанда.
2. Жыныстық қатынас арқылы.
3. Анадан балаға (жүктілік кезінде және баланы емізгенде).

Ал, басқа сұйықтықтарда вирус шоғырлануы төменгі дәрежеде және жұқтыруға жеткіліксіз мөлшерде болады.
Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша бұл ауру адамның иммундық жүйесін зақымдап, қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеп соқтырады. ЖҚТБ – АҚТҚ - өте қауіпті індет. Онымен науқастанған және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін тиімді дәрі – дәрмек әлі жоқ. Ең алғаш рет Қазақстанда АҚТҚ – ны жұқтырған Теміртау қаласында 1987 жылы ер кісі тіркелген. Содан бері статистикалық мәліметтерге қарасақ Республика бойынша ең бірінші орында тұрған Шымкент қаласы 2000 адам.
Жастар арасында - 47, 9%
14 жасқа дейінгілер - 13, 3
15 - 19 жас аралығындағылар 2, 8
Нәрестелер арасында - 157 бала.
Оның ішінде жұмыс істейтіндер:
Әйелдер арасында - 73, 5
Еркектерде - 73, 6 көрсетіп отыр.
АҚТҚ – ЖҚТБ ауруын ауруын жұқтырғандардың 74 - 80 есірткі қабылдайтындар екен. Соның ішінде - 58, 1 әйелдер, 72, 7 еркектер.

Шымкент облысында есепке тіркелген 20500 нашақор бар екен. Нашақорлық өлімге апаратын тура жол. Оған төмендегідей дәлел келтіремін; нашақорлық – адамның өзін - өзі баяу өлтіруі. Есірткіні және бойды уландыратын заттарды алғаш рет қолданудың өзі адам организміне өте ауыр әсер етеді, оның аяғы орны толмас өкініш, өлімге дейін апарады. Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу, иіскеу, шайнау. Инені қол тамырларына басқа да тамырларға салуға да болады. Көбінесе ата – аналар балалардың қолтамырын қадағалап, «аман екен деп» жүре береді. Ал, олар аяқ, жаурын тамырларына салдыруы мүмкін.

2008 жылғы ақпан айының соңғы мәліметінде статистика бойынша Шымкент облысында 2000 науқас АҚТҚ – ЖҚТБ жұқтырған. Жүкті әйелдер бойынша 2004 жылы бір әйел болса 2008 жылы 30 әйел осы індетті жұқтырған. Бұл деген сөз біздің келешегімізге балта шабылып жатыр деген мағына. «Тәуелсіз елдің болашағы біздің қолымызда» еліміздің гүлденуі үшін істелетін оңды істер жаны таза дені сау ұрпақтың ғана қолынан келетіндігін ұмытпайық. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай вдвм организмінен зиян тигізетін темекі, ішімдік, нашақорлық сияқты улы заттардан бойымызды аулақ ұстайық. Біздің өмірімізде АҚТҚ - ЖҚТБ – ға еш орын жоқ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама