Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Көмектес септік
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік 86 – 91 жаттығу
Сабақтың мақсаттары:
1. а) Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Көмектес септіктегі сөздердің, қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру. Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың көмектес септігінен алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
2. ә) Оқушылардың ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. б) Тиянақтылыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Салауаттылыққа, мәдениетті сөйлей білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, практикалық жұмыстар
Көрнекілігі: Слайд топтамалары, суреттер, үлестірмелі қағаздар, шағын көрініс.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң, достым,
Жұманың сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
85 – жаттығу
Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, олармен сөйлем құра.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
І – топ 2 – топ
«Ойшылдар» тобы « Тапқырлар» тобы
Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы сайыс сабағын жүргізу.

ІV. Дәптермен жұмыс
86 – жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық. Хат Астанадан келіпті. Асыл Жанармен сөйлесті. Қойдың жүні пайдалы. Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.

87 – жаттығу.
Жұмбақты оқып, жатқа айт, шешуін тап.
Екі ішек бар далада,
Ауылды жалғар қалаға,
Қаланы жалғар ауылға
Екі ішекпен зулайды ел,
Жауында да, дауылда. «Пойыз жолы, рельс»

88 – жаттығу
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра

V. Сергіту сәті
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір – бірімен шатыстырып алып жүрме,
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой.
Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме
Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес
Жаттап алсаң балақай,
Зат есімді септе тез.

89 – жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құра. Әңгімеде көмектес септіктегі сөздер бар сөйлемдер болсын.
91 – жаттығу
Өлеңді ұйқасына лайық сөзді қойып, көшіріп жаз
1 – топ
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді...... шымшық

2 – топ
Сылдыр қағып,
Таудан құлап,
Жатыр ағып,
Мөлдір........... бұлақ

VІ. Қорытынды
Септіктер жайындағы көрініс көрсетіледі.
(Сахналау)
VІІ. Үй тапсырмасы
90 – жаттығу
Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз. Гүлнұр (бару), Жіп (байлау), Қол (жуу), Ән (айту).

VІІІ. Бағалау
Мақтау – мадақтау әдісі арқылы оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама