Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою
Тақырыбы: Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою амалдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Алған білімін одан әрі дамыту
Тәрбиелік: Ізгілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру
Пән аралық байланыс: программалау негіздері
Көрнекті құралдар: оқулықтар, буклет, оқулықтар
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Басқару батырмасының түрлерін айт.
2. Сұқбаттасу терезелерінің стандартты элементтерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Жеке бума ашу.
2. Жарлық.
3. Жарлықтың жасалу жолдары.
4. Жарлық пен бумаларды жою.
5. Қалпына келтіру.

1. Жұмыс столында бума ашу үшін курсорды экрандағы бос аймаққа алып барып, тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Сонда пайда болатын контексті – тәуелді менюдің жасау Бума деген опциясын (мүмкіндігін ) таңдап экранға шыққан бума бейнесінің астына бірден оның атын енгізе беруге болады.
Ал терезе ішінде бума ашу қажет болғанда файл жасау бума командасын орындау керек.
2. Жарлық (ярлык) дегеніміз – бумалар ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл.
Жарлықтар жиі қолданылатын программалар мен құжаттың шаблондар үшін даярланады да, олар жұмыс столында, арнайы қызмет атқармайтын кез келген бума ішінде жасала береді.

3. Жарлықтың жасалуы
1) жарлық орналасатын орын таңдалып алынады.
2) тышқанның оң жақ батырмасын басамыз да контекстік - тәуелді меню пайда болған соң, жасау жарлық командасын орындаймыз.
“жарлық жасау”терезесі шыққаннан кейін командалық жолға сол жарлық объектісіне сәйкес оның маршутын енгіземіз. Ал егер ол белгісіз болса, дискілерді парақтай отырып (обзор) түгел қарап шығып, енгізілуге тиіс мәліметтерді анықтаймыз.”Дайын”батырмасын бассақ, жарлық дайын болып шығады

4). Жарлықтармен бумаларды жою Windows жүйесіндегі кез келген объектіні, жою сияқты орындалады. Керекті информацияны жойып алмас үшін оның бірнеше жолы жасалған, олар:
• “қоржын “арқылы жою.
• толық жойып тастау.
• жою кезінде хабар беріп отыру

5). Қоржынға түскен объектілерді кері қайтарып бастапқы қалпына кетіру үшін мынандай әрекеттер орындалады:
1)”Қоржынды”курсормен көрсетіп тұрып тышқанды екі рет шерту.
2) Қалпына келтіретін объектілерді белгілеу;
3) Файл қалпына келтіру командасын орындау.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1) Жарлық – дегеніміз не?
2) Жеке бума ашу қалай жүргізіледі?
Ү. Үйге тапсырма: 101 - 103 бет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама