Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Принтерді алдын-ала баптау
Тақырыбы: Принтерді алдын - ала баптау.
Мақсаты:
Білімділік:. Оқушыларға принтерді жұмысқа алдын - ала баптауда орындалатын іс - әрекеттердің тізбегімен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығуларды орындау арқылы жылдам басуға дағдыландыру
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Программалау негіздері
Көрнектілігі: оқулық, буклет, компьютер

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Суреттерді баспаға шығару үшін қандай команданы орындау керек?
2. Мәлімет алмасу буфері дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Принтерді орнату.
2. Принтерді алдын ала баптау.
1) Windows жүйесі – графиктік орта болғандықтан мұнда кез келген программадан мәтінді баспаға шығармастан бұрын, ең алдымен принтерді жұмысқа алдын ала баптап алған жөн. Ол үшін мынадай іс - әрекеттер тізбегі орындалуы тиіс:

І. Принтерді орнату:
а) принтерді компьютерге қосу
Іске қосу Баптау Принтерлер командасын орындау;
б) Осы сәтте ашылатын терезеге Windows жүйесінде тіркелген барлық принтерлердің белгісі және «принтерді орнату» белгісі шығады.
в) «Принтерді орнату» белгісінде тышқанды екі рет шертіп «принтерді орнату шебері» терезесін ашамыз;
г) «Принтерді орнату шебері» ұсыныстарына сәйкес әрекеттерді орындау;

2) Оны баптау кезінде көрсетілуге тиіс параметрлерге мыналар кіреді:
- принтер типі;
- принтердің қосу портының анықтауышы;
- матрицалық және сия бүріккіш принтерлер үшін олардың айқындылық қабілеті.
- қағаз мөлшері.
- қағаз парақтарына символды орналастыру бағыты: көлденең және тік бағытта орналастыру.
- қағазды беру тәсілі (парақты немесе рулон күйінде)
- баспаның сапасы.
Бұл параметрлер басты топ терезесінде орналасқан арнайы принтерлер программасының көмегімен де өзгертіле алады.
Принтерлердің тағайындалған параметрлерін Іске қосу Баптау Принтерлер командасын орындау арқылы да өзгерту мүмкіндігі бар.
М: принтерді таңдап, оның параметрлерін өзгерту қажет болсын дейік, ол үшін Файл Қасиеттер командасын орындаймыз.
«Қасиеттер» терезесі ашылғаннан кейін принтер жұмысының параметрлерін өзгертіп, баспаға шығарудың қажетті параметрлерін тағайындаймыз.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Принтерді іске қосу үшін қандай команданы
орындаймыз?
2. Принтерді алдын ала баптау кезінде қандай параметрлерді орындаймыз?
3. Қағаз беру тәсілін айт.
Ү. Үйге тапсырма: 128 – 129 бет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама