Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Бүршік
Сабақтың тақырыбы: Бүршік
32 сабақ
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып көктемгі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту.
ә\Отанын сүюге, табиғатты қорғауға, мақтан ете білуге тәрбиелеу.
б\Оқушылардың ойын, қиялын біліктілігін дамыту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Түрі: аралас.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
«Ұшты - ұшты не ұшты?» ойыны.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
а\Жұмбақ шешу.
1) Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
2) Ағайынды бәрі,
Шықса - жасыл,
Түссе - сары. (Жапырақ)
ә) Көктемгі табиғаттың өзгеруі туралы әңгімелеу.
б) Жан - жануарлардың өмірінде қандай өзгерістерді байқадың?
Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мәтінді түсініп оқу..
2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
3. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
4. Сұрақтар мен тапсырмалар:
а\Бүршік жарық дүниеге қалай келді?
ә) Бүршіктің пайда болуынан табиғаттың қандай заңдылығы байқалады?
б) Мәтінде табиғат пен Бүршіктің көңіл күйін қалай суреттеген?

5. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Сәмбі тал -
Иіліп тұрар
Сәнді тал.
Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Не шырылдап жатыр?»
- Зейін қойып тыңдаңдар да, не шырылдағанын айтыңдар?

IV. Сабақты бекіту.
1. Суреттегі төлдерді ата.
2. Малдардың көктемгі тіршілігіндегі өзгерістерді ата

V. Үйге тапсырма.
1. мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
2. Бүршіктің суретін сал.
3. Көктемгі еңбек туралы әңгімелеу.
VI. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама