Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Шөптегі шық қандай болады
Сабақтың тақырыбы: Шөптегі шық қандай болады

31 сабақ
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
ә\Табиғатты қорғауға, сүюге туған жердің табиғатын сақтауға тәрбиелеу.
б\ Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойларын жеткізе білуге баулу.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: Балқаш, Алакөлдерінің суреті, мақалдар, жұмбақ.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу..
2. Мақал - мәтелдің мағынасын ашу.
Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Кім зейінді?»
- Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ шешу.
Бұйра жасап сан қилы.
Сұйық жазық шалқиды.
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (Су.)
2. Жапырақта ақ моншақ көп болды,
Қолыңа алсаң, лезде жоқ болды. (Шық)
3. Сұрақтар мен тапсырмалар.
- Арген, шық деген не?
- Шық қалай пайда болады?
Сергіту сәттері.(Есте сақтауын дамыту)
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар,
Су құйғанда өседі.
4. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
ә) Шықты сипаттау.
Саусақ гимнастикасы «Саусақтар, көмектесіңдер»

IV. Сабақты бекіту.
1. Өзің білетін табиғат құбылыстарын ата.
- Табиғат құбылыстарына өлең жолдарын құрастырып көр.

V. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
2. Шықтың пайда болуы туралы әңгіме құрастыр.
VI. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама