Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Д дыбысы мен әрпі
Әліппе
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Әдісі: Түсіндіру. Сұрақ - жауап.
Тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Білімділік мақсаты: Оқушыларға д дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.
Сөз ішіндегі, буын ішіндегі орнын анықтау. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау. Дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем құрастыру.
Дамытушылық мақсаты: Жеке сөздерді, сөйлемдерді оқуға, оларды дұрыс, әрі мәнерлеп тез оқуға, ойлауға, байланыстырып сөйлеуге, көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Отанды сүю, құрметтеу, оның қай түкпірінде жүрсек те ол бізге ыстық, ол ортақ, елді, жерді сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әріптер, буындар, суреттер, үлгілер.

I. Ұйымдастыру сәті.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық? (Қ, қ)
2. Ол қандай дыбыс?
3. Ол сөздің қандай жерлерінде кездеседі?

4. Буындардан сөз құра.
Қа
----- нат
----- лақ
----- ла
----- ра
----- ра - қат

5. Терме диктант
Өлең ішінен Қ дыбысы бар сөздерді табу.
Қамбар қартқа қаладан
Келді Қасым құдасы
Қонақ бұл көптен күткен
Түйедей жасты құдасы
Қазы – қарта туралып,
Алдына қымыз қойылды,
Құдадан бата сұралып,
Құннан қой да соғылды.

6. Әліппедегі сөздерді оқушыларға оқыту.

7. Сергіту сәті. Да – да – да, ду - ду – ду.

III. Жаңа сабақ. Жұмбақтар шешу.
1. Сол аяқ пен оң аяқ,
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. Бұл не? (Доп).
2. Тиып кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған.
Құбылтып неше түрлі күйге салған. Бұл не? (Домбыра).
1) - Доп, домбыра. Сөздерінің басында қандай дыбыс естіледі?
- Д д дауыссыз дыбыс, ұяң. Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістердің түбіне тиіп, кері қайтуы арқылы жасалады.
2) Дала, домбыра сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасату.
да – ла (2 буын, 2дауысты дыбыс), дом – бы – ра (3 буын, 3 дауысты дыбыс).
3) Д д - ның баспа, жазба түрлерін тан/у. (ауада жазу).

IV. Оқулықпен жұмыс.
1. Әліппедегі сөздерді таныту, оқыту.
дала, доға, дода, Дулат
дауа, доғал, доп, Дарқан
(Сөздердің мағынасын түсіндіру).

V. «Қайда» сұрағы қонаққа келді.
- Біздер, адамдар кейде өз заттарымызды қойған жерді таба алмай, үйіміздегі адамдар бір жерге шығып кетсе соны іздеп дал боламыз. Сол кезде біздер оларды қандай сұрақ қою арқылы сұраймыз?
- Қайда?
- Олай болса қайда? Сұрағы бізде бүгін қонақта. Біз онымен бірге Отанымыздың түкпір – түкпірлеріне ойша саяхатқа шығамыз.
1. Қала.... (Қала туралы әңгімелеу).
Буынды дұрыс тауып, қоюымыз керек. Ол үшін біздер сөздердегі жоғалған дыбыстарды дұрыс тауып орнына қоюымыз керек.
Жоғалған әріпті тап.
та.... а, о.... ақ, шо.... ан
қа.... а, қа.... ақ, а.... ран.
2. Дала...... (Дала туралы әңгімелеу).
Сөздерді тақтада жазу. Оларға дыбыстық, буындық талдау жасату.
Қарға, қурай, арқар, орақ
- 0 - - 0 - 0 - 0 - 0 - - 0 - 0 - 0 -
└┘ └┘ └┘└┘ └┘└┘ └┘└┘
3. Тау......... (Тау туралы әңгімелеу).
Сөздерде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет көпше түрін айт.
Шопан□дар (Көпше түрлері қалай жасалады?)
Шора□лар
Айша□лар
Қонақ□тар
Тоған□дар
Торғай□лар
4. Аула...... (Аула туралы әңгімелеу).
(Сурет бойынша сөйлемдер ойлау).
Марат қайда? Бұлар қандай
Дана қайда? сөйлемдер?
∟ _. ∟_. Бұлар қандай сөйлемдер?
VI. Буындарды тарату, оқыту.
Да, до, ду, ла, на, ға, ра, су, ту, лу, ну, ру, са, та, қа, шу, ша.

VII. Д әрпі бар сөздерді табу.
Дана келді Динаға,
Дереу шық деп, далаға
Дүкен жасап ойнаймыз.
Деді – анау араға.
Дәптер алды Данияр
Дәурен келіп дүрбі алды.
Дәулет келіп доп алды
Дүйсен атқа доға алды
Дем аламыз түсте деп
Дана істі доғарды.
8. Дәптермен жұмыс.
9. Қорытындылау.
10. Бағалау. Мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама