Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ү әрпі және дыбысы мен таныстыру
2 - сынып
Сабақтың мақсаты: Ү әрпі және дыбысы мен таныстыру.
Ү дыбысы бар сөздерді буындап оқуға үйрету.
1. Ү және Ұ дыбыстарын бір бірінен ажырата білуге, дұрыс оқып, сауатты жазуға дағдыландыру, ойлау дағдыларын және сөздік қорын дамыту.
Табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру,
ВЕНН диаграммасы, топтау стратегиясы, еске түсіру, дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту 1 - 4 - 5 - 6 - 7 - 8.
Сабақтың көрнекілігі: Буын, сөз құрастыруға арналған кеспе әріптер, буындар, суреттер,
Ұ және Ү әріптерінің баспа және жазба түрлері.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, Орыс тілі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды сабаққа даярлау, оқу – құралдарын партаның үстіне қойғызу.
ә) Күннің ретін айтып, тақтаға жазу.

4. Оқушыларды жаңа сабақ өтуге даярлау, бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

5. Жана сабақ:
а) Үкінің суретін тақтаға ілемін, кеспе әріптермен ҮКІ сөзін тақтаға жазамын. Сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасатамын. Оқушылар бұл сөзде үш дыбыс, үш әріп, екі буын бар екенін айтады. Бізге таныс дыбыстарды айтамыз. Олар:- К және І дыбыстары. Бізге таныс емес дыбыс
Ү дыбысы екені айтылады.

ә) Оқушылар өздері білетін ережелерін сұрақ - жауап арқылы еске түсірері.
● Дыбысты естиміз және оқимыз.
● Әріпті көреміз және жазамыз.
● Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
● Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
● Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады.

6 ). Топтау арқылы Ү дыбысын қатыстырып буын жасаймыз.
Т Й
Ж К
С Л
Д Б Н Р З
Буындарды хормен оқытамын.

в) Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен боп ертең шығамыз.

г) ВЕНН диаграммасы арқылы ұ дыбысы мен ү дыбысын салыстырамыз. Буындарды хормен оқытамын.

Ү және Ұ дыбыстары тек қазақ тіліне тән дыбыстар. Орыс тілінде 33 әріп болса қазақ тілінде 42 әріп бар. Сол себепті біздің қазақ тіліміз бай тіл екендігі айтылады.
ғ) Сурет бойынша жұмыс жүргізу. Үкінің, үйректің, үйдің, суреттерін көрсетемін. ҮКІ - қазақ халқы үшін қасиетті құс. Үкісін қастерлеп, жоғары іліп қояды. Бас киімге тағады, бесіктің басына, домбыраның құлағына, бәйгеге түскен аттың, тайдың маңдайына тағады.
Үйрек - үй құсы.
Үй - баспана.

д) Оқулықпен жұмыс. Ү дыбысы бар сөздерді буындап оқып, мағынасын түсіндіремін. Жұмбақты оқып, жауабын табамыз. Қарлығаш - адамның досы. Табиғаттың байлығы. Құстарды қорғау біздің басты міндетіміз.

Жаңа сабақ бойынша жұмыс жүргізу.
а) Оқулықпен жұмыс. Ү дыбысы бар сөздерді буындап, тізбектей оқытамын,
ә) Сергіту сәті.
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемілеп жазамыз.

б) Дәптермен жұмыс. Ү әрпінің жазба түрінін бас әріпі мен кіші әрпін дәптерге көрсетілген үлгі бойынша жаздырамын.

в) Өздік жұмыс. Тақтадан сөйлем көшіртіп, дауысты және дауыссыз дыбыстарды белгілейді.
Үсен үй салды.
Сөйлем туралы өткенді еске түсіру.
Біз тақтаға не жаздық?
Сөйлем неден құралады?
Бұл сөйлемде неше сөз бар?
Сөйлемдегі сөздер бір бірінен қалай жазылады?
Сұраққа толық жауап беруді талап етемін.

7) Жаңа сабақты қорытындылау.
а) Сұрақ бойынша жұмыс жүргізу. Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық? Ү қандай дыбыс?
8) Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама