Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Сабақтың типі:
Интегративті ізденіс - саяхат сабағы (химия, биология, география).
Оқытуды ұйымдастырудың формасы:
Ұжымдық және топтық.
Озық тапсырма:
Қосымша әдебиеттермен ізденіс жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік. Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін тереңдету.
• Дамытушылық. Интерактивті әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой - өрісін, өздік әрекет атқару қабілетін дамыту.
• Тәрбиелік. Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір - бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар:
Интерактивті тақта, Периодтық кесте, Қазақстанның табиғи ресурстар картасы. Тәжірибеге қажетті реактивтер: металдық натрий, су, индикатор, химиялық ыдыстар.

Сабақтың барысы:
• Сынып оқушыларын топтарға бөліп, отырғызу (ядро, электрон, протон, нейтрон). Әр топта химик, биолог, географ және топ жетекшісі болады.
• Химиялық ой жинау (активтендіру сұрақтары)
1. Д И Менделеев қай жылы, қай жерде дүниеге келді (1834ж Тобольск қаласы.)
2. Периодтық заңды Д. И. Менделеев қай жылы ашты (1869ж)
3. Периодтық заңның тұжырымдамасы (элементтермен олардан түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты тәуелділікте болады.)
4. Периодтық кестеде элементтер неше топқа бөлінген (металдар және бейметалдар).
5. Екі дайлы қасиет қандай заттарға тән (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді, мырыш оксиді, мырыш гидроксиді, берилий оксиді берилий гидроксиді).
6. Период дегеніміз не, неше период бар (Период дегеніміз – сілтілік металдан басталып, атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан, инертті элементтен аяқталатын элементтердің көлденең қатары.)
7. Табиғи ұялас элементтер тобын ата (сілтілік металдар, галогендер).

• Негізгі бөлім:
Қосымша әдебиеттер мен реактивтерді пайдаланып жаңа тақырыпты меңгеру.
1. Топтардың жұмыс жоспары:
«Химик»:
 Химиялық элементтің периодтық жердегі орыны;
 Атом құрылысы;
 Металл ретінде химиялық қасиеті;
 Оксидтер мен гидроксидтерінің сипаттамасы;
«Географ»:
 Элементтің табиғатта кездесуі;
 Колекциямен жұмыс;
 Қазақстанның табиғи ресурстары картасымен жұмыс;
«Биолог»:
 Адам ағзасындағы маңызы
Осы жоспар бойынша әр топ берілген элементтерге толық сипаттама жасады.
Электрон тобы: Натрий.
«Химик»:
Элемент натрий ІІІ период І топта орналасқан.

Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама