Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Құпия агентінің шытырмандары
Құпия агентінің шытырмандары
Сабақтың типі: 8 - сыныптың химия курсы бойынша білімді жалпылау және жүйелеу
Мақсаты: 8 - сыныптың химия курсы бойынша жалпылау
Міндеті:
1. Білімділік: курстың негізгі тақырыптары бойынша қайталау және бекіту, алған білім дәрежесін тексеру
2. Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын дамыту, эрудициясын, ойлау қабілетін, анализ жасауға, қорытынды жасап анық жеткізе білуге үйрету
3. Тәрбиелілік: жеке тұлға ретінде қалыптастыру, топпен бірге жұмыс жасауға үйрету. Байқағыштыққа, топ арасында жұмыс істеген кезде сыпайылылыққа және өзгенің жауабын тыңдауға үйрету.
Көрнекі құралдар мен материалдар: Ұран жазылған сөз, үлестірмелер, номірленген алфавит, тапсырмалар, жауап парағы, телеграмма, құпия агенттері үшін код номері мен аттары бар куәлік.
Ұран: “Жеңу үшін - білім керек, істей білу керек, ойлай білу керек.”

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастырушылық бөлім
2. Топты таныстыру
3. Дайындық бөлімі
4. Тапқырлыққа тапсырма
5. Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма
6. Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау
7. Телефон номерін анықтау
8. Парольді анықтау
9. Шифрды шешіп көр
10. Қорытындылау

Сабақ барысы
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, оларға реттік санмен нөмір тағайындалады. 001, 002, 003 және т. б. (топтың бөліну санына қарай.) Әр топ өзінің жетекшісін таңдайды. Сабақты бағалап қорыту үшін сарапшы таңдалып, бағалау парағы беріледі. Бағалауға жоғары сынып оқушысын немесе ата - анадан шақыртып қоюға болады.

Мұғалім: Балалар, сіз бәріңізде теледидардан детективті фильм көруді ұнатасыңдар. Сіздерге жақсы таныс тыңшы батырларды атаңдаршы? / Джеймс Бонд, Шерлок Холмс, Ниро Вульд, Эркюль Пуаро және т. б / Ал сіздер өздерің тыңшы болғыларын келе ме, олай болса бір сабаққа тыңшы болып көрейікші? Менің ойымша болады. Бүгін біздер құпия агенті боламыз, яғни құпия ұйымның қиын да шырмалаң тізбектің аралық звеносы болып, құнды ақпаратты алып, және оны жіберуіміз керек. Алдымен сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Мына карточкада бір жазу бар. Осыған мұқият қарап, үш сөзден тұратын тақырыбын тауап оқыңыздар.

Карточка: ҚҰШЫАПИЯ ГЕНТЫРТІМАНДАНІҢ РЫ
Өте дұрыс, бұл сабағымыздың тақырыбы: Құпия агентінің шытырмандары.
Олай болса шытырман басталады. Құпия агенті болу үшін сіздер оқыту курсынан өтіп, түрлі сәйкес сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Сіздер құпия агенті бола аласыздар ма екен, қазір тексереміз.
Кез келген құпия агенті болу үшін, сіздер өз жұмыстарыңызды жақсы орындауда қандай қасиет керек деп ойлайсыңыздар? (Оқушы жауаптары батырлық, ептілік, ақылдылық тапқырлық, шыдамдылық, шапшаңдық және т. б.) Әрине өте дұрыс, енді мен сіздердің тапқырлықтарыңызды тексергім келеді. Бірінші байқауды бастаймыз.

1 - тур: Тапқырлыққа тапсырма.
2 топ химиялық сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай алады. Егер де топ дұрыс жауап бере алмаса, онда қарсы топ жауап беріп, 1 ұпай табуына болады.
1. Шынының балқуы қандай құбылысқа жатады?
2. Атом молекулалық ілімді жасаған ғалым?
3. Атом құрамындағы бейтарап бөлшек?
4. Скандинавия аралының құрметіне аталған элемент?
5. Сүттің ашуы қандай құбылыс?
6. Қандай су дем шығарудан лайланады?
7. Қай элемент жетіспеуінен тіс ауруына ұшыратады?
8. Құрамында кіретін заттың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспа қандай қоспа деп аталады?
9. Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс?
10. Қышқылдар мен сілтілерде өзінің түсін өзгертетін заттар?
Балалар, сіздер бірінші байқаудан жақсы өттіңдер. Менің ойымша құпия агенті тапқыр болып қана қоймай, тез және епті болу керек. Олай болса, екінші байқауды бастайық.

Құпия агентінің шытырмандары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама