Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна
Бастауыш сынып мұғалімі
№53 мектеп-лицей Астана қаласы
Дүниетану. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың мақсаты: Дала өсімдіктері жануарлары туралы білімді өз
беттерінше ұғынуына қолайлы орта құру;
Оқушылардың еркін жұмыс жасауына ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері:
Мазмұнына байланысты;
-жаңа білімді өз бетінше түсіну, өз тіліне аударып, ізденуіне көмек көрсету;өз ойын қорғауға мүмкіндік беру.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты;
- жаңа ақпаратпен жұмыс істегенде зерттеп, тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
-оқушы өзінің алған біліміне баға беріп,үйренуін ұйымдастыру;
-сұрақ қоюға жетелеу.

3. Топтық жұмыс дағдыларын дамытуға байланысты;
- топпен жұмыс барысында өзін-өзі мәдениеттілікке тәрбиеленуін басқару; Бірін –бірін сыйлауға,ойды құрметтеуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер;
1.Оқушы тақырыпқа байланысты нені біле алады,мазмұнға сай нені түсіне алады?
-Дала өсімдіктері мен жануарлар туралы жаңа білім қалыптастырады.
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты ойды қалай дамыта алады?
-Пікір таласта өзін көрсете алады,мазмұнды зерттей алады,ойын ашық айтуға,еркін ой бөлісуде өз көзқарасын дәлелдеуге үйренеді.


3.Топтық жұмыс ережелерін қалай үйрене алады?
- Бірін-бірі тыңдауға дағдыланады,сөзді бөлмеуге сұрақ қоюға өзін бағалауға,сыпайы сөйлеуге қалыптасады.

Көрнекіліктер: мәтін жазылған үлестірмелі қағаздар, маркерлер,плакаттар,фотоаппарат,кері байланыс парақтары.

Әдіс-тәсілдер: ұқсастық пен даралық стратегиясы, галереяны шарлау стратегиясы.

І.Қызығушылықты ояту .
Сұрақ.Дала өсімдіктері мен жануарлары деген сөзді естігенде ойларыңа не оралады, қандай ой туады,не елестейді?
Жеке жұмыс.Дара ойын қағазға түсіреді.
Жұпта жаңа жазған ойлары туралы пікір алмасады.
Топта ойларын талқылап ұқсас ойларын қағазға түсіреді.
Ортаға шығып ойларын қорғайды.

ІІ. Мағынаны ашу.
Мәтінді оқу. Оқығанда өзінің түйген дара ойын қағазға түсіреді.
Жұпта жаңа алған білімі мен бұрынғы білімін ұштастыру арқылы білгенін айтып пікірлеседі.
Топта әрқайсысы өз ойларын ортаға салып, талқылап, ортақ шешімге келіп, ұқсас ойларын қағазға түсіреді.
Қағаздарды әр топ сыныпқа іледі. (Галереяны шарлау стратегиясы басталады)
Ілінген қағазды әр топ аралап оқып шығады, барлық топтың жазған ойларын оқи жүріп, танысады. Өз ойларынан туған сұрақтарын әр қағазға іліп кетеді. Орындарына отырады.
ІІІ. Ой толғаныс.
Әр топтан бір оқушы өздері жазған қағаздың жанында қалады.
Топтың ойын қорғайды. Ілінген сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс парағымен жұмыс.
Бағалау. Өзін-өзі бағалау.
Үйге тапсырма. Эссе жазу. Дала өсімдіктері мен жануарларын қалай қорғаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама