Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Дамыта оқыту арқылы студенттерді ойлау қабілетін жетілдіру
Дамыта оқыту арқылы студенттерді ойлау қабілетін жетілдіру

Егеменді еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем етіп, оны дамушы елдермен терезесі тең дәрежеде дамытатын бүгінгі оқушы – ертеңгі маманға сенім артатындықтан, сапалы білімді, саналы маман тәрбиелеу ісі білім беру мекемесінің еншісінде.
Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі айтылған. Бүгінгі білім ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты жаңа ғасыр ұрпақтарын тәрбиелеу.
Педагог ғалым В. Беспалько өзінің « Слагаемое педагогическое технология» атты еңбегінде былай дейді: «Педагогикалық жүйе – бір - бірімен байланысты әдістер педагогикалық процестер жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін нақты мақсатты, бағытты педагогикалық әсер» (М. Педагогика 1993ж 192 бет).
Үнемі дамып өзгеріп отыратын оқушының ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда оқытушының ықпалы ерекше.
Ұлттық тарихқа мәдениетке деген рухани сұраныстарға орай тарих пәнін оқыту да жаңа бағыт іздеу үстінде, ол білім беру жүйесіндегі басты пәндердің бірі. Себебі оқушыларды дамыта оқыту арқылы өз беттерімен ойландыруға, оқиғаны терең пайымдап, берілген тарихи деректерді шығармашылықпен қабылдай білу, ізгі мұраттарға ғана ұмтылыстарын қалыптастыру – осы пәннің негізгі міндеті. Сондықтан оның алдына қоятын мақсаты да пәнге қойылатын талаптар деңгейіне сай болу керек.
Қоғам ілгері дамыған сайын білімнің де атқарар жүгі ауырлай түсері сөзсіз. Сондықтан білім беру сапасы өзгеріп, білім мазмұнында жаңа көзқарастар қалыптасады, солжаңалықтарға сай педагогикалық технологиялардың өмірге келуі де заңды құбылыс. Дегенмен, ол оқытудың мүлдем жаңаша жолдарын әкелді деп түсінбеген жөн сияқты, ол бұрынғы оқытудағы педагогикалық жүйенің жетілдірілгені деп қабылдаған дұрыс болар.
Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды теріске шығару арқылы жаңа сапаға көшеді.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген мағынаны береді.
Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылықтың санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын білеміз.
Барлық істерімізді Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин ойларына негіздеу. Ойлауға үйрететін барлық пәндердің сабақтарын дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
- Дамыта оқытуды ұйымдастыру оқушыға ақыл - ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек.
- Дамыта оқыту сабақтары ерекше ақуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас.
Оқытушы бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.
Оқушы ойының білмеуден - білуге, шала білуден дәл білуге көшу процесін дамытады. Тек осындай оқыту ғана оқушының интеллектісінің көзін ашып шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервигтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.
Ол үшін, алдын ала сабақ жүйелі түрде жоспарлану қажет.
Әрбір пән мұғалімдері өз сабақтарында оқушылар ойын дамыту үшін іздену сұрақтарын бере отырып, ой қозғап сабақтағы өтілетін тақырыпты оқушылармен бірге талдауды қажет деп ойлаймын.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының көңіл - күйін бақылауға, ой - пікірін байқауға мүмкіндік алады.
Технология елді, ұлтты таңдамайды, ол барлық елге, педагогикалық жүйеге, әр түрлі пәнге ортақ, дегенмен әр елдің білім әлемінде өзіндік ізденісі, жолы болуы – заңды да, қажетті нәрсе.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі жаңа технология негіздері болып табылады. Өскелең ұрпақ онымен бірге ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Ғалым педагог К. Жүнісова ғалымдар В. Давыдов пен Элькониннің теорияларын сараптай келе 4 қырлы дамыта оқыту идеясын білім негізіне салды.

«Дамыта оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру»
Төрт қырлы дамыта оқыту

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама