Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Заттың атын білдіретін сөздер
Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер
Бәйшешек. Жауқазын.
Мақсаты: Заттың атын білдіретін сөзде жайлы түсініктерін кеңейту, сұрақ қоя білуді меңгерту, оқушыларды байланыстырып сөйлей білуге, тіл байлығын, танымдылық қызығушылығын дамыту, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сөзжұмбақтар.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой - қозғау, топпен жұмыс.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Дайынсың ба сабаққа?
Қарап алшы жан - жаққа
Бәрі барма орнында?
Қалам, дәптер, кітапта.
Оқушыларды топқа бөлу: І топ және ІІ топ.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Өткенді қайталау. Ойын: иә, жоқ
1 - топ 6 - сұрақ
Сөйлем сөзден құралады. Иә
Буын екіге бөлінеді. Жоқ
Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып айтылыды. Иә
Дала сөзінде бес дыбыс бар. Жоқ
Сөйлем соңында нүкте қойылады. Иә
Адам ауамен демалады. Иә

2 - топ 6 - сұрақ
А, о, ұ, ы – жіңішке дауысты дыбыстар. Жоқ
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Иә
Сөзде дауысты дыбыстар жуан болса, ол сөз жуан айтылады. иә
Күн сөзінде төрт дыбыс бар. Жоқ
Заттың атын білдіретін сөздерге кім?, не? сұрақтары қойылады. Иә
Ы – дауыссыз дыбыс. Жоқ

4. Жаңа сабақ.
Кім? Кімдер? -------------- Не?, нелер?
Аға, ағалар ----------------- дәптер, дәптерлер
Ана, аналар ---------------- лақ, лақтар
Әже, әжелер --------------- тау. Таулар

5. Сергіту сәті.

6. Оқулықпен жұмыс.
91 - жаттығу
Кітап – кітаптар, үй - үйлер.
Машина – машиналар, оқушы - оқушылар.
Бала – балалар, орындық - орындықтар

7. Сөзжұмбақ.
1. Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіңе назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. « Глобус»

2. Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болсада қар емес,
Шешуін кім табады? «Сүт»

3. Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ,
Тірегі бар, ізі жоқ
Қанаты жоқ ұшпайды,
Жер астында қыстайды. «Балық»

4. Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. «Сандық»

5. Шыр - шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. «Телефон»

6. Мен - ақ қалам, ақ қалам.
Жазған сайын жоқ болам. «Бор»

- Қандай сөз шықты?
- Гүлдер
- Гүл туралы не білеміз?

8. Топтастыру.

Бәйшешек - көктемнің алғашқы хабаршысы. Соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қардың астынан бүршік жарады.
Жауқазын - еліміздің шалғынды, тастақты аймақтарында көптеп өседі. Жауқазынды сұлулығына қарай ерте гүлдейтіндіктен қазақ халқы әртүрлі атайды. «Қызғалдақ», « Сарғалдақ», «Жауқазын», «Бозғалдақ» деген атаулары бар.
Эссе жазу. «Менің анашым».

6 - слайд.
9. Сабақты қорытындылау.
10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама