Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Дара және күрделі етістік
ҰМЖ тарауы: Қоршаған орта
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары:) 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау.
2. 2. 3. 1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
2. 4. 2. 5* - дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттар: Дара және күрделі
Құндылықтарға баулу: Оқушыларды ұқыптылыққа, әрбір тапсырманы мұқият орындауға, бір - бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, жаратылыстану, математика
Алдыңғы білім: Дара және күрделі етістік

Сабақтың басы 3 минут
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім, ана тілім өз тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
«Ашық микрофон» әдісі арқылы алдыңғы оқуды пысықтау.
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің сұрақтарын атаңыз.
- Етістіктің түрлерін атаңыз.
- Дара етістік дегеніміз не?
- Күрделі етістік дегеніміз не?
- Жарайсыңдар, балалар! Ал, олай болса бүгінгі жаңа сабағымызға көшейік. Бүгінгі тақырыбымыз да «Дара және күрделі етістік» деп аталады. Күн ретімен таныстыру.

Сабақтың ортасы 25 минут
Қане, балалар барлығымыз оқулықтағы 47 - жаттығуға назар аударайық.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Тұңғыш қазақ ғарышкері» тақырыбына әңгіме құрау.

49 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалды көшіріп жаз.
……… тамырымен мықты.
Адам достарымен мықты.

……. жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

50 - жаттығу Кестені тиісті етістіктермен толтырып жаз.
«Баскетбол» әдісі арқылы орындау.

Мектеп: Б. Момышұлы атындағы №12 ЖОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Ж. У. Есиркепова
Дара және күрделі етістік жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама